Шәкірті елге қызмет етсе ұстаз еңбегінің ақталғаны - Динара Сәтжанның күйеуі Асқар Жұмаділдаевқа берген қымбат көлігі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 501.75
  • 591.96
-8 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шәкірті елге қызмет етсе ұстаз еңбегінің ақталғаны - Динара Сәтжанның күйеуі Асқар Жұмаділдаевқа берген қымбат көлігі туралы

Шәкірті елге қызмет етсе ұстаз еңбегінің ақталғаны - Динара Сәтжанның күйеуі Асқар Жұмаділдаевқа берген қымбат көлігі туралы

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның күйеуі Жұмабек Жанықұлов ұстазына берген сыйы туралы пікір білдірді.

  • 27 Ақпан
  • 15
Фото:Instagram/zhumabek_zhanykulov

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кәсіпкер бұл жайлы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Еліміздің мәні де, сәні де дана ұстаздарымызға байланысты деп білемін. Өйткені ұстаз тек білім беруші емес, ол ұлттың болашағын қалыптастырушы тұлға.

Ұстаздың абыройы мен беделі оның шәкірттерінің адамзатқа, қоғамға қаншалықты пайдалы азамат болып қалыптасуымен өлшенеді. Шәкірті елге қызмет етсе ұстаз еңбегінің ақталғаны. Шәкірті биікке көтерілсе ұстаз мәртебесінің асқақтағаны.

Асқар ағамыздың әлі күнге дейін “Отанымызға қалай пайдалы бола аламын?” деген ізгі ниетпен қызмет етіп жүруі нағыз ұстаздықтың, нағыз азаматтықтың үлгісі. Бұл сөзбен емес, іспен дәлелденген парасат жолы.

Жеке өзім үшін Асқар ағаның шәкірті болу үлкен абырой әрі жауапкершілік. Ұстаз сенімін ақтау шәкірттің ең үлкен парызы», — деп жазды ол.