«Шал» кинолентасы екі аптаның ішінде 30 млн. теңге жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шал» кинолентасы екі аптаның ішінде 30 млн. теңге жинады

«Шал» кинолентасы екі аптаның ішінде 30 млн. теңге жинады

Атышулы «Келін» фильмімен танымал болған Ермек Тұрсыновтың «Шал» кинотуындысы

  • 24 Қазан 2012
  • 469
Фото - Caravan.kz

екі аптаның ішінде 30 млн. теңге ақша жинады, деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Киностудияда аталып өткендей, бұл авторлық форматтағы фильм үшін айтарлықтай жақсы нәтиже. Кинотуындыны қазақ тілінде және орыс тілдерінде көруге болады, деп хабарлады «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінен. Фильм прокатқа жартылай қазақ және жартылай орыс тілдерінде шықты.

Айта кетейік, «Шал» фильмі Эрнест Хемингуэйдің «Шал және теңіз». шығарамасының желісі бойынша түсірілді. Тұрсынов өзінің туындысын «Қазақша Хемингуэй» деп атайды. Аталмыш кино 2012 жылдың басында түсіріліп біткен болатын.

Фильмде бас рөлді 63 жастағы Ерболат Тоғызақов сомдайды. Оның кандидатурасы қатаң іріктеуден кейін мақұлданды.

Перейти к новостям спорта