Шала қазақшамен сөйлеу май-май аузыңды еліміздің туымен сүрткенмен тең – қызылордалық орыс жігіт - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шала қазақшамен сөйлеу май-май аузыңды еліміздің туымен сүрткенмен тең – қызылордалық орыс жігіт

Шала қазақшамен сөйлеу май-май аузыңды еліміздің туымен сүрткенмен тең – қызылордалық орыс жігіт

Кирилл Денисов 22 жаста. Қазақ тілін білу жөнінен аймақтық және республикалық байқаулардың көп мәрте жеңімпазы әрі жүлдегері. Қызылорда облысындағы Тереңөзек ауылында туып өскен. Орыс мектебін және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін тәмамдаған.

  • 28 Тамыз 2017
  • 2208
Фото - Caravan.kz

Кирилл қазір «Кызылординские вести» газетінде экономика бөлімінің тілшісі болып істейді. Допты хоккейден спорт шебері.

Кирилл Денисов «КАРАВАН» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік тілді масқаралайтындарды жек көретінін айтты.

— Кирилл, бірінші сұрақ. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің себебі не?

— Ең бастысы, бұл — менің елімнің тілі. Сонымен қатар, қазақ тілі әрқайсысымызға кәсіби түрде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл менің ойым. Сондықтан өз ана тілін меңгеруге ерініп жүрген адамдарды түсінбеймін.

— Бірақ әр адам тілге бейім емес қой.

— Келісемін. Әрине, егер Сіздің жасыңыз 50-ден асып, енді ғана тіл үйренуді бастасаңыз, ол оңай емес. Алайда мектептен, жас кезіңізден зейін қойып меңгеруді бастасаңыз, менің ойымша, тіл үйренудің ешқандай қиындығы жоқ.

— Шыны керек, тек қана мектепте алған білім арқылы мемлекеттік қазақ тілі конкурстарының жеңімпазы атанғаныңызға сене алмай тұрмын.

— Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, солай. Мүмкін, көптеген адамдар еліміздегі білім жүйесіне сын көзбен қарап, мектепте жоғары деңгейде білім берілмейді деп жатар. Оларға менің айтарым, заманауи қазақ тілі оқулықтары жаман емес. Егер сол оқулық бойынша бар материалды меңгерсеңіз , тілді жетік білуге жетіп жатыр. Мен жастайымнан хоккеймен айналысып, оқу жылдың жартысын жарыстарда өткізсем де, қазақ тілін өте жақсы игеріп алдым. Одан бөлек, өзім де тіл білімін дамыту мақсатында жаңа әдістерді табуға тырысамын.

— Мысалға, қандай?

— Айтыс көремін. Теледидардан емес, өзім жиі барып тұрамын. Соның арқасында әдемі сөйлеп, жай күнде тіпті ойға келмейтін сөз орамдарын жаттап аласың. Онымен қоса, істейтін жұмысымда іс-сапар бойынша еліміздің шалғай ауылдарыңа сұранамын. Сондай жерлердің жергілікті тұрғындарын тындаған – ән тыңдағанмен бірдей. Өйткені, нағыз, байырғы қазақ тілі — өзіміздің ауылдарымызда.


— Мен бір рет Сіздің шалақазақша сөйлеп тұрған жігітке ескерту айтып тұрғаныңызды көргенмін.

— Иә, мен ондайды жек көремін. Тіл дегеніміз – елдің бір таңбасы. Оны бұрмалап, шала қазақшамен сөйлеу майлы тамақ жегеннен кейін аузыңды көк тумен сүрткенмен тең. Елімізде әркімнің қазақ тілін дұрыс әрі тегін үйренуі үшін көп нәрсе жасалып жатыр ғой… Сен қазақша білесің, бірақ оны бұрмалай бересің. Ол не сән сонда? Кешір, бауырым, бірақ ақымақ екенсің. Ондай шүлдірліген тіліңмен аськамен (ICQ – ред.) сөйлесе бер

— Сіз сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Халықтар Ассамблеясы (ҚХА) жастар қанатының мүшесі екеніңізді естігенмін…

— Иә, мен өз мүшелігімді мақтан тұтамын. Онымен бірге, «Славяне» атты этномәдени орталығын қолдап, Ассамблеяның өткізіп жатқан барлық жиындарыңа қатысуға тырысамын. Осы жылы Қызылорда облысының атынан делегат ретінде Астанада ҚХА сессиясыңа қатыстым. Үлкен әсер алдым. Елбасымыздың ҚХА секілді бірегей қоғамдық модельді осындай деңгейде жүзеге асырудағы талантына таң қаламын.

— Еліміз жақын арада латын тіліне көшеді. Көптеген адамдарда бұл жаңалық скепсис тудырып отыр…

— Мен ,шынымды айтсам, өзгерістерді тағатсыздана күтіп отырмын. Әсіресе, жаңа әліпбидің пайда болуы мені өте қызықтырып отыр. Менің жаңа әліпби авторларына қояр сұрағым өте көп. Мысалға, біздің әріптеріміз 20-ғасырдың басында болған латын әліпбиіңе ұқсас бола ма екен; газеттеріміз қалай аударылатын болады; отандық интернет желісі ендігәрі қандай келбетте болады екен және т.б.

Соңғы жаңалықтар