"Шалбар киген журналиске сұқбат бермеймін": Зейнеп Ахметова ақтөбелік журналисті менсінбей кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шалбар киген журналиске сұқбат бермеймін": Зейнеп Ахметова ақтөбелік журналисті менсінбей кетті

"Шалбар киген журналиске сұқбат бермеймін": Зейнеп Ахметова ақтөбелік журналисті менсінбей кетті

Ақтөбе қаласына келген этнограф-жазушы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова шалбар киген журналисті менсінбей, жергілікті журналистке сұхбат бермей қойған.

  • 26 Қыркүйек 2018
  • 208
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ақтөбелік журналист Гүлсая Ыбырай өзінің "Facebook"  әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Ақтөбеге этнограф-жазушы Зейнеп Ахметова келеді деді. Маған берілген тапсырма: орамал дауына қатысты пікір алу. Таң атпай баланы массажға апарып келіп, сол күйі асығыс "Анаға тағзым" ғимаратына жүгірдім. Үстімде спортивка. Досикті массажға тасып жүріп, белімді ауыртып алған соң, шойнаңдап жүрген қалыппен көйлек кию ерсі көрінді. Қалауша апайды құттықтап, апаның қайда екенін сұрадым. "Өнер орталығына" беттепті. Жақсы. Соңғы 500 теңгеме такси ұстап, ғимараттың алдынан түсіп қалдым. Слет басталып кеткен. Ішіне кіріп мазалауға ыңғайсыз. Сол күйі фойеде 2,5 сағат шараның бітуін күттім. Анау Алматыдан даңқты батырдың келіні келгенде күту деген не тәйірі?! Әйтіп-бүйтіп шара бітті. Шыға берістен көріп қалып жақындағанымда қасындағы жандайшаптары қалқалап алып кетті. Қайда кетті? Ұйымдастырушылардан сұрасам, "ол кім?" дейді. Қасқа…"Неке сарайында" да жоқ. Телефонын көтермейді. Таныс журналистер ориентир берген соң, бір сағаттай кідіріп, "Шығармашылық академиясына" беттедім. Раукен Отыншинмен келді. "ША"-ның басшысы көрмені аралатып болғанша күттім. Бір кезде қасына жақындап, амандасып, шалбар киіп келгеніме кешірім сұрап, бірауыз пікір сұрадым. Маған жақтырмаған күйі көз тастады да, "шалбар киген журналиске сұқбат бермеймін" деді. Тосылып қалдым. Жүріп кетті. Сонда кешеден бері сұқбат алып жүрген телевизионщиктер бүрмелі көйлек киіп, басына орамал тағып па екен? Кенет балам есіме түсті. Сағат 10-нан 3-ке шейін мен оны үйде жалғыз тастап кеткен екенмін ғой. Масқара!!! 1-ші рет. ЗА үшін…Өз-өзіме жыным келіп кетті. ША-ның басшысы болса саспайды, "үйіңізге барып көйлек киіп келіңіз" деп қарап тұр. Қасына жақындатқан да жоқ. Сол күйі бір кабинетке кіргізіп, есікті жауып алды. Мен де қарап тұрмай, үйіме асығып кетіп қалдым. Негізі ол кісімен сұқбатқа әбден дайын едім. Барлық кітабын оқыдым. Сұрақтарым да өзгеше болатын. Ақтөбе жұртшылығына жақсы бір материал сыйлауға шалбарым мен батырдың келінің принципшілдігі кедергі болды. Жергілікті газеттің арзанқол журналисіне сөз шығындап қайтемін деген болар… Дегенмен, түк те өкінішім жоқ. Баламның алдындағы жауапсыздығым ғана жаныма батты. Келсем пысылдап ұйықтап жатыр екен. Уффф…" — деп жазады журналист Гүлсая Ыбырай.

Соңғы жаңалықтар