"Шалшық суды ішкен": Қарағанды облысында екі күн бойы далада адасқан баланың анасы адам түршігерлік жайттармен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шалшық суды ішкен": Қарағанды облысында екі күн бойы далада адасқан баланың анасы адам түршігерлік жайттармен бөлісті

"Шалшық суды ішкен": Қарағанды облысында екі күн бойы далада адасқан баланың анасы адам түршігерлік жайттармен бөлісті

Қарағанды облысының Абай қаласында екі күн бойы далада адасқан баланың анасы сол күнгі оқиға туралы бар шындығын айтты.

  • 3 Сәуiр
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Отандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында баланың анасы екі күн бойы далада адасқан ұлының қалай аман қалғанан айтып берді.

«Далада футболкамен жаттым дейді, себебі спорттық күртешесін жоғалтып алған. Мама, тұрып, қайта ұйықтадым, тұрып қайта ұйықтадым дейді. Қатты тоңған, футболкасын жамылып жатқан. Абайдан асып, Дубовка деген дала бар, сол жаққа қарай бет алған.

Алыстан жарықты көрген, солай қарай жүре берген. Ол қалай телефоны өшті, соған дейін маған: «Мен жарыққа қарай кетіп бара жатырмын» дегеннен-ақ бәрін тастап, таксимен іздеуге шықтым. Телефонында 60 сек қана қалғанын, қазір өшетінін айтты.

Сосын далада шалшық су ішкен, қазір кеуде тұсым ауырады дейді. Өте тәртіпті, тыныш бала, білмеймін қалай бұл жолы үйде шығып кеткенін», — деді анасы.