Бірінші орынды астаналық Ғани Бекмырзаев иеленді. Оңтүстік Қазақстаннан келген Біржан Сапарбеков екінші орыннан көрінді. Ал үшінші орынды алматылық Гүлбану Лахаева, Қырғызстан елінен келген Азамат Сарыбаев және астаналық Бәтима Ізенаева өзара бөлісті. Дипломдарды табыстау рәсімі Өскеменде үшкүндік фестивальдің аяқталуына орайластырылған гала-концерт кезінде өтті.
Фестивальда сондай-ақ Қазақстанның танымал әртістері: Ескендір Хасанғалиев, Толқын Зәбирова, Медеу Арынбаев, «Орда» тобы және Шығыс Қазақстанның солистері Берік Омаров, Гүлдана Ноғайбаева, Вячеслав Ткач, Альмира Нұрғожина ән шырқады.
Байқауға Қытай, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстаннан келген өкілдер қатысты. Биыл бірінші орынға 20 қатысушы таласты.