«Биыл менің досым 80 жасқа келер еді. Оның арамызда жоқтығына біздің әрқайсымыз да кінәліміз. Оның өмірі тар жол, тайғақ кешуге толы болса да, артында ол өшпес мұра қалдырды», — деді көрмнің ашылуында композитордың досы, Шәмшінің бірнеше әнінің сөзінің авторы, халық жазушысы Қадыр Мырза-Әлі.
Көрмеде Шәмші Қалдаяқовтың жеке заттары, оның алғашқы музыкалық аспабы, құжаттардың фотокөшірмелері, Шәмшінің, оның туғандары, жақындары мен достарының суреттері, облыста Ш.Қалдаяқовқа арналып өткізілген фестивальдар мен байқаулар туралы материалдар ұсынылған.
«Ол жоғары мәдениетті адам болды. Ол өте білімді азамат болуымен қатар, табиғат бойына сіңіре білген зор дарынның иесі болды», — дейді Ш.Қалдаяқовтың жұбайы Жәмилә.