Ерлер арасында классикалық стильдегі 10 шақырымдық жарыста қазақстандық спортшы бірінші орын алды, екінші орында — чех Лукаш Бауэр, үшінші орында — германиялық шаңғышы Ханнес Дотцлер.
Ерлер арасындағы спринтте классикалық стильде Алексей Полторанин жеңсе, екінші орыннан Финляндия спортшысы Ари Лууса көрінді, ал үшінші болып ресейлік Анатолий Волков келді.