"Шаңырақ" ықшам ауданындағы бассыздықта күйік алған полиция қызметкері ауруханада көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шаңырақ" ықшам ауданындағы бассыздықта күйік алған полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

"Шаңырақ" ықшам ауданындағы бассыздықта күйік алған полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

АЛМАТЫ. 27 шілде. Kazakhstan Today. Шаңырақ ықшам ауданыдағы бассыздықта күйік алған Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі Әсет Баимбетов ауруханада көз жұмды. Бұл ақпаратты Алматы ІІД растады.

  • 27 Шiлде 2006
  • 362
Фото - Caravan.kz



Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, Ә. Баимбетов 16 сағат 10 минутта қайтыс болған.

Осыған дейін хабарланғандай, 14 шілде күні «Шаңырақ» ықшам ауданында баспаналарының қиратылуына наразылық танытқан жергілікті тұрғындар құқықорғаушыларға қарсылық көрсеткен болатын. Бассыздық кезінде полиция қызметкері Ә. Баимбетовке жанармай құйылып, өрт қойылған. Оның денесінің 70% күйік шалды. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері бассыздыққа қатысы бар деген төрт адамды ұстады, олардың арасында құқықорғаушының өміріне қастандық жасады деген күдікті бар.

Перейти к новостям спорта