Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 25-ақпанда Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің  отырысы 25-ақпанда Астанада өтеді

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 25-ақпанда Астанада өтеді

25-ақпан, жұмада Астанада Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы Ресей елшілігінен хабарлады.

  • 22 Ақпан 2005
  • 465
Фото - Caravan.kz

Күн тәртібінде 2004-жылдың маусым айында Ташкентте өткен мемлекет басшыларының кеңесі мен 2004-жылғы қыркүйек айында Бішкекте өткен үкімет басшыларының кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалу барысы талқыланады. Сонымен бірге сыртқы істер министрлері биылғы жылдың 5-6-маусымында Астанада өтеді деп межеленген ұйымның кезекті саммитіне дайындық жұмыстарын саралайды. Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының кеңістігіндегі тұрақтылықты сақтап қалу жайында, сондай-ақ, ұйымның халықаралық іс-қызметі мен қазіргі халықаралық өзекті проблемалар сарапқа салынады.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, тараптар алдағы Астана саммитіне қызу дайындық үстінде. Бірқатар құжаттар жобасы жасалып, келісу сатысына әзірленді. Бұл құжаттар Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ортақ мүддесінен туындаумен бірге ұйым шеңберіндегі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалу саласындағы оңды ынтымақтастық үрдістерін нығайта дамытуды көздейді.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Ұйымның жарғылық құжаттарға сәйкес оғанмүше елдерде өз заңдары аясында демократиялық процестерді дамытуға түрткі болуды көздейтін басты бағыт-бағдарды тағы бір дәлелдей түседі деп күтілуде. Бұл орайда Ұйымға мүше елдердегі жалпыұлттық сайлауларға Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының атынан бақылаушылар жолдау үрдісі қалыптасқан. Сайлауларға бақылаушылық жасау міндетіне қатысты Еуразия кеңістігіндегі басқа да ұйымдармен біртұтас көзқарас қалыптастыру мәселелері бойынша байланыстар аясын одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін ойластыру көзделіп отыр.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, министрлердің бас қосуы Пекиндегі хатшылық пен Ташкенттегі аймақтық антитеррорлық құрылымның атқару комитеті сынды органдарын нақты жұмыс тиімділігін арттыруға бағыттамақшы.
Сонымен бірге сыртқы істер министрлерінің кеңесі ұйымды әсіресе сыртқы саясат саласында одан әрі жетілдіруге байланысты бірқатар мәселелерді қарайды. Атап айтсақ, Азия-тынық мұхиты аймағында көпжақты бірлестіктердің әріптестік желісін құру жөніндегі Ташкент бастамасын жүзеге асыруға бағытталған талпыныстарды пәрмендендіру межеленеді.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері АСЕАН хатшылығы мен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы арасындағы, ТМД Атқару комитеті мен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы арасындағы өзара ықпалдастық меморандумының жобалары мен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының Ауғанстанмен арадағы байланыс тобының жұмыс тетіктерін іске қосу туралы құжатты мақұлдайды деп күтілуде.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы 2001-жылдың маусым айында құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тәрізді 6 мемлекет біріккен.

Перейти к новостям спорта