Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің Кеңесіне қатысу үшін Пекинге келген Қазақстан СІМ өзінің Монғолиялық әріптесімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы  Сыртқы істер министрлерінің Кеңесіне қатысу үшін Пекинге келген Қазақстан СІМ өзінің Монғолиялық әріптесімен кездесті

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің Кеңесіне қатысу үшін Пекинге келген Қазақстан СІМ өзінің Монғолиялық әріптесімен кездесті

Бүгін, 14-қаңтарда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Пекинде ҚХР-да ресми сапармен жүрген Монғолияның сыртқысаяси ведомство басшысы Л.Эрдэнэчулуунмен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР СІМ Қ.Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің Кеңесіне қатысу үшін кеше Пекинге барған болатын.

Кездесу барысында екі ел министрлері Қазақстан мен Монғолия арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынасқа қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек ете отырып, олардың келешекте даму жолдарын талқылады.
Тараптардың пікірінше, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның биыл Астанада өтетін үшінші отырысы қазақстан-монғолия қарым-қатынастарына жаңаша серпін беруі тиіс.
Монғолия сыртқы істер министрі Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін шақыру жөніндегі бастамасына қолдау білдіре келе, аталмыш ұйымның биылғы қазан айына белгіленіп отырған Сыртқы істер министрлерінің отырысына шақыру үшін алғысын жеткізді.
Қазақстан және Монғолия сыртқысаясат ведомствосының басшылары халықаралық ұйымдар шеңберіндегі тығыз ынтымақтастықты өзара жақтайтындықтарын білдірісті.

Соңғы жаңалықтар