Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер лаңкестер мен экстремистерге саяси баспана бермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер лаңкестер мен экстремистерге саяси баспана бермейді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер лаңкестер мен экстремистерге саяси баспана бермейді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер "лаңкестік, экстремистік және сепаратистік іс-әрекеттерге қатысы бар күдіктілер мен осындай айып жүктелгендерге саяси баспана бермеу, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше қандайбір елден мүше-мемлекеттердің қолданыстағы заңнамаларына сәйкес сұрау салынған жағдайда осындай адамдарды өткеріп беру міндеттемесін жүктейді". Бұл туралы бүгін, 5-шілдеде Астанадағы саммитте қабылданған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының декларациясында айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2005
  • 513
Фото - Caravan.kz

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер өз аумақтарында лаңкестік әрекеттерге дайындық және оларды жүзеге асыру әрекеттеріне, соның ішінде басқа елдердің мүддесіне қарсы бағытталған әрекеттерге тосқауыл қоятын болады.

Декларацияда атап көрсетілгеніндей, «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының халықаралық лаңкестікпен күрес шараларының аясында бірінші кезекте қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан трансшекаралық қылмыстармен, заңсыз көші-қонмен және жалдамалылықпен күрес арқылы лаңкестіктің материалдық базасын жоюға қатысты проблемаларды шешуінің маңызы» атап көрсетілген. Осы орайда «лаңкестердің халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақ компоненттерін және оларды жеткізу құралдарын, сондай-ақ, ақпараттық лаңкестікті пайдалануына жол бермеуге» баса назар аудару қажет.
Сонымен бірге декларацияда лаңкестік, сепаратизм және экстремизмді қаржыландыруға қарсы тұру, соның ішінде заңсыз жолмен тапқан кірістер мен қаржыны заңдастыруға қарсы күресу үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде «лаңкестікке қатысы бар күдікті ретінде танылған ұйымдар мен адамдардың қаржылық құралдарының қозғалысы мен ақша аударымдарына мониторинг жүргізудің біртұтас стандарттары мен көзқарастарын қалыптастыру, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымын осы бағыттағы халықаралық талпыныстарға белсене араластыру қажеттігі» атап көрсетілген.

Перейти к новостям спорта