KZ-today ақпараттық агенттігінің Душанбе қаласындағы тілшісіне Тәжікстан экономика және сауда министрлігінен хабарлағанындай, отырыс барысында Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы өкілдерінің ұйым елдері арасындағы көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарын жасау жөніндегі отырыстарының қорытындысы туралы есеп тыңдалады.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері сондай-ақ, ұйым шеңберіндегі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы аясындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту жөнінде Меморандум қабылданады деп күтілуде.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы 2001-жылдың маусым айында құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тәрізді 6 мемлекет біріккен.