Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің прокуратура органдарының басшылары құқықтық көмек туралы хаттамаға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің прокуратура органдарының басшылары құқықтық көмек туралы хаттамаға қол қойды

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің прокуратура органдарының басшылары құқықтық көмек туралы хаттамаға қол қойды

Бішкекте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің прокуратура органдары басшыларының жиналысының қорытындысы бойынша тараптар құқықтық көмек туралы хаттамаға қол қойды. Құжатқа сәйкес тараптар лаңкестік, экстремизм және сепаратизм, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс, қару-жарақ, есірткі және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына және адам саудасы тәрізді аса қауіпті қылмыстық істерді әшкерелеу және оларға қатысты дәлелдер жинау саласында халықаралық құқықтық жәрдем көрсету жөніндегі жұмыстарды пәрмендендіру туралы мәмілеге келді. Бұл туралы Қырғызстанның КАБАР агенттігі хабарлап отыр.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 572
Фото - Caravan.kz

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің прокуратура органдарының ықпалдастық тәртібін жеңілдету үшін кезекті бас қосуға дейін құқықтық көмек көрсетудің жеңілдетілген тәртіптері туралы келісім жобасын жасау жөнінде байлам жасалды. Сондай-ақ, тараптар шекаралас аудандық прокурорлардың бас қосуларын тұрақты өткізіп тұру механизмін жасап оны үрдіске айналдыру, сондай-ақ, прокурорлардың бейресми байланысын дамытуға түрткі болу туралы мәмілеге келді. Сондай-ақ, қылмыспен күресте қылмыстың бетін жедел ашуға және қылмыскерлерді жедел іздестіруге жағдай жасайтын Қазақстандық «Лотон» ЖШС ойлап тапқан биометриялық идентификациялау технологиясын пайдалану мүмкіндігін қарастыруға нұсқау берілді. Құқықтық-нормативтік актілермен, анықтамалық, әдістемелік , ақпараттық-талдау және басқа да материалдармен тұрақты алмасып тұру, прокурорлық іс-қызмет тәжірибесімен алмасу, мамандар дайындау бағдарламасын жетілдіру, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлік шыңдауға бағытталған курстар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің прокуратура органдары басшыларының жиналысы барысында ұйымға мүше мемлекеттердің бас прокурорларының отырыстарын өткізу жөннідегі регламентті бекітіп қол қойды. Жиналысқа Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше барлық елдердің, атап айтсақ, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжіктсан, Өзбекстан және Ресейдің бас прокурорлары қатысты. Қазақстаннан ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков өкіл ретінде қатысты.