Министрлер бас қосуының күн тәртібінде Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының Пекиндегі хатшылығы мен Ұйымның Ташкенттегі лаңкестікпен күрес жөніндегі аймақтық құрылымының іске кірісуіне қатысты, сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының 2003-жылғы 29-мамырда өткен Мәскеу саммиті шешімдерінің орындалу барысына, ұйымға мүше елдер үкімет басшылары кеңесінің қыркүйек айының соңында Пекинде өтетін отырысына дайындық жұмыстарының барысына қатысты мәселелер сарапқа салынады.
Министрлер сондай-ақ, аймақ пен дүниежүзіндегі саяси ахуалға және БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы 58-сессиясына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде де пікір алмасады.