Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Ташкенттегі аймақтың лаңкестікке қарсы күрес құрылымының құрамын айқындауға бағытталған кеңесі қазан айында Өзбекстанда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Ташкенттегі аймақтың лаңкестікке қарсы күрес құрылымының құрамын айқындауға бағытталған кеңесі қазан айында Өзбекстанда өтеді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Ташкенттегі аймақтың лаңкестікке қарсы күрес құрылымының құрамын айқындауға бағытталған кеңесі қазан айында Өзбекстанда өтеді

Қазан айының соңында Өзбекстан астанасы Ташкентте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің күш құрылымдары басшыларының кеңесі өтіп, онда Ташкенттегі аймақтың лаңкестікке қарсы күрес құрылымының құрамы айқындалады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

  • 7 Қазан 2003
  • 558
Фото - Caravan.kz

Ташкенттегі аймақтың лаңкестікке қарсы күрес құрылымына жататын топтардың бірі 1-қарашада жұмысқа кіріседі. Ертеректе бекітілген кесте бойынша, 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап құрылым толыққанды жұмыс істей бастайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер арасында аймақтың лаңкестікке қарсы күрес құрылымы туралы келісімге 2002-жылдың 7-маусымында Санкт-Петербургте қол қойылды. Келісім аймақтың лаңкестікке қарсы күрес құрылымының заңдық мәртебесін айқындау, оның негізгі міндеттері мен функциялары, қаржыландыру және салық салу тәртібі, құрылым қызметкерлері, өкілдері мен лауазым иелерінің, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеті туралы мәселелерді реттейді.
Құрылымның басты міндеті — аймақтағы тұрақтылықты сақтау, лаңкестік және экстремистік ұйымдарды қаржыландыруға тосқауыл қою, алты мемелекеттің көп салалы ынтымақтастығын пәрмендендіру және оны тәжірибелік мазмұнмен байыту мақсатында жаңа қатерлермен күрес мәселесін өзара үйлестіру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар