«Шанхай ынтымақтастығы ұйымы — белсенді саяси одаққа айналды деп нық сеніммен айтуға болады»,- деп мәлімдеді республика үкімет басшысы Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, бүгін өткен жиында «экономика мен сауда саласындағы ынтымақтастыққа қатысты көп жақты мәселелер талқыланды». «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде отын-энергетикасы мен транспорттық әлеуетті дамыту саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылатын болады. Кездесулер мен қабылданған құжаттар ұйымның аяғынан тұру жолындағы тағы бір маңызды қадамға айналмақ»,- деді еліміздің үкімет басшысы.
Ал Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков :» Шанхай ынтымақтастығы ұйымы интеграция жолында сенімді алға жылжуда. Біздің өзара ынтымақтастығымыздың көкжиегі кеңейе, тәжірибелік мазмұнмен байи түсті. Ұйым — аймақтық және әлемдік саясаттағы маңызды буынға жатады»,- деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті