Жарияланды: 490

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер қазіргі дағдарысты еңсеру үшін шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеуі қажет - Назарбаев (толық нұсқасы)

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер қазіргі дағдарысты еңсеру үшін шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеуі қажет. Бүгін Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Дағдарысты құбылыстарды еңсеру бойынша және одан ең төменгі шығындармен өту үшін біздің елдерге шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеу қажет", деді Нұрсұлтан Назарбаев. "ШЫҰ қуатты қаржылық-экономикалық бірлестік болу үшін ұйымға мүше елдер барлық қажетті тетіктерге ие. Мұндай түсінік сіздердің бүгінгі кездесулеріңізде де болғандығына сенімдімін", деп нақтылады сөзін мемлекет басшысы. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, "экономикалқ ынтымақтастықты өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бөле-жара қарқындандыру мүмкін емес". Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігіндегі қазіргі жағдайды тұтастай алғанда тұрақты әрі болжамды деп санайды. "Алайда, сонымен бір мезгілде өңірде әлі күнге дейін біздің елдеріміздің тұрақты дамуына, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін салмақты тәуекелдердің, қауіп-қатерлердің бары бізді алаңдатпай қоймайды", деп атап көрсетті кездесуде президент. Осы орайда Н. Назарбаев ШЫҰ кеңістігінде радикалды идеологияларды мақсат тұтатын лаңкестік, экстремистік, қылмыстық құрылымдардың қызметінде жаңа сипаттары пайда болуы байқалып отырғандығын атап өтті. Сондай-ақ дағдарыс келген кезде адамдардың өмірі нашарлап, тұтастай алғанда бизнестің дамуына қиыншылықтар туғызатын қылмыскерлердің белгілі бір топтары белсенділік танытатынын атап өтті. "Әсіресе, қауіпсіздік туралы сөз болып отырғанда, әрине, әлемдік және өңірлік проблемаларды өз бетінше бірде-бір мемлекет шеше алмайды. Мұнда ШЫҰ-ның ынтымақтастығы өте маңызды", деп атап көрсетті ел басшысы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін