Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы мен ТМД Атқару комитеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы мен ТМД Атқару комитеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы мен ТМД Атқару комитеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

12-сәуірде Пекинде өткен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуан мен ТМД Атқару комитетінің төрағасы Владимр рушайлоның кездесуі барысында Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы мен ТМД Атқару комитетінің арасындағы түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 343
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған құжатқа сәйкес, тұрақты жұмыс істейтін екі орган лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастық орнатып, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ниетті. Тараптар сонымен бірге әртүрлі консультациялар өткізу, ақпарат алмасу және екі ұйым шеңберіндегі шараларға өзара қатысу туралы мәмілеге келді.

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тәрізді 6 мемлекет біріккен. Ал ТМД құрамында Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан республикалары бар.

Перейти к новостям спорта