«Тұрақтылық болмайынша, даму туралы әңгімелердің барлығы да мәнінен айрылатындықтан, бізге қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту керек»,- дейді Ху Цзиньтао. Осыған байланысты Қытай төрағасы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде қол қойылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы келісімдерді жүзеге асыру жұмыстарын пәрмендендіру маңызды деп санайды. Сонымен бірге оның пікірінше, шұғыл ақпарат алмасуды жүзеге асырып, «төтенше жағдайларға шұғыл жауап беру тетіктерін қалыптастыруды» жеделдету қажет.
Ху Цзиньтаоның пайымдауынша, «үйлестіруді күшейтіп, қаржы көлемін арттырып, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған бағдарламаларды сатылы әрі мақсатты жүзеге асыру қажет». Сондықтан Қытай лидері «тез арада банкаралық бірлестік құруға, көп жақты және екі жақты ынтымақтастықтың жаңаша үлгілерін белсенді түрде іздестіруге» шақырады. «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға түрткі болу қажет»,- деді Қытай басшысы.