Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен инаугурациясына БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ, АСЕАН және АТЭЫҰ қатарлы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен инаугурациясына БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ, АСЕАН және АТЭЫҰ қатарлы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен инаугурациясына БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ, АСЕАН және АТЭЫҰ қатарлы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады

15-қаңтарда Пекинде өтетін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының хатшылығының ашылу салтанаты мен инаугурациясына БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ, АСЕАН және АТЭЫҰ, ТМД және Ислам Конференциясы ұйымы сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне СІМ-нің арнаулы өкілі Александр Яковенконың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып РФ СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 1097
Фото - Caravan.kz

А.Яковенконың айтуынша, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының хатшылығын (Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Ташкенттегі аймақтық лаңкестікке қарсы күрес құрылымының атқару комитеті сонымен бір уақытта жұмыс істей бастайды, бірақ оның ресми ашылу рәсімі кейінірек өтеді) іске қосу ұйым өміріндегі сапалық жаңаша кезеңге жол ашады. Бұдан былай Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы дербес бюджеті мен жеке қызметкерлері, өзіндік тетіктері бар толыққанды халықаралық ұйым ретінде жұмыс істей бастайды деген сөз.

А.Яковенконың пікірінше, хатшылық Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясындағы әр бағыттағы ынтымақтастықтарды үйлестіруді қамтамасыз ететін әкімшілік орталыққа айналуы тиіс. Хатшылықты Қытай Халық Республикасының Ресейдегі бұрынғы елшісі Чжан Дэгуан есімді тәжірибелі кәсіпқой дипломат басқарады. Оның үш орынбасарының бірі Ресей өкілі болмақ.
А.Яковенконың айтуынша, ШЫҰ аясындағы бірінші кезектегі жұмыстар жоспарына ұйым Хартиясында көрсетілген әр бағыттағы ынтымақтастықтарды тәжірибелік мазмұнмен мейлінше байыту міндеті қамтылып отыр. Мұндай міндет Ұйымға қатысушы елдердің 2003-жылдың 28-29-мамырында өткен Мәскеу саммитінде алға қойылды. Міндетті орындауға алғышарттар толық қаланды. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органдары құрылумен бірге көлік, төтенше жағдайлар және мәдениет сынды көптеген салалық мекемелер желісімен өзара тиімді байланыстар жолға қойылды. Ұйымға мүше-елдердің үкімет басшылары кеңесінің 2003-жылдың 23-қыркүйегінде Пекинде өткен отырысында көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ұзақ мерзімді (2020-жылға дейінгі) бағдарлама бекітілді. Бұл Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының аясындағы экономикалық интеграцияның Хартиясы іспетті құжат.
А.Яковенконың айтуынша, қазір алты мемлекеттің сыртқы саясатын өзара үйлестіру мәселесі жолға қойылуда. Қазан айында Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының БҰҰ-ның жанындағы тұрақты өкілдерінің бірінші кездесуі өтіп, онда осындай бас қосуларды тұрақты негізде өткізіп тұру туралы уағдаластық жасалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-қаңтарда Пекинде өтетін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен инаугурациясына ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев қатысады.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының атқарушы хатшылығы ұйымның жұмысшы органы ретінде Қытай астанасында тұрақты негізде жұмыс істейді. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының екінші негізгі органы — Лаңкестікпен күрес жөніндегі аймақтық орталық 2004-жылы Ташкентте жұмыс істей бастауы тиіс.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан тәрізді 6 мемлекет мүше болып табылады.

Соңғы жаңалықтар