Атап айтсақ, кездесуге қатысушылар АСЕАН хатшылығы мен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы арасындағы, ТМД Атқару комитеті мен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы арасындағы өзара ықпалдастық меморандумына, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының Ауғанстанмен арадағы байланыс тобының жұмыс регламенті мен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлерінің кеңесі мәжілісінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.
ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың хабарлауынша, отырыста 2004-жылдың маусым айында Ташкентте өткен саммит шешімдерінің орындалуы мен биылғы жылдың 5-6-маусымында Астанада өтеді деп межеленген ұйымның кезекті саммитіне дайындық жұмыстары сараланды. «Біз сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының басқа да аймақтық және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын дамыту жолдарын жан-жақты талқыладық. Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер бойынша Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ұстанымдары мен көзқарастары бір арнада тоғысады»,- деді Қ.Тоқаев.
Оның пікірінше, «ұйым лаңкестікпен күрес және сауда-экономикалық, мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған сабақтас міндеттерді шешуде нық қадамдар жасап, күш жинай бастады».