Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үкімет басшылары деңгейіндегі саммиті 15-қыркүйекте Душанбеде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы  ұйымының үкімет басшылары деңгейіндегі саммиті 15-қыркүйекте Душанбеде өтеді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үкімет басшылары деңгейіндегі саммиті 15-қыркүйекте Душанбеде өтеді

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үкімет басшылары кеңесінің отырысы 15-қыркүйекте Душанбеде өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2006
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Тараптар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығына қатысты қазіргі ахуал мен оны дамыту перспективасын, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылайды»,- деді ол.

Сондай-ақ, кеңес барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы іс-қызметінің ұйымдастырушылық және қаржылық тұстарын реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылады. Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшылары бірлескен қарар қабылдамақшы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта