Арнаулы топқа сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саласын жауаптанатын министрліктер мен ұйымға енетін 6 елдің өнеркәсіп саласының мамандары қамтылған.
Отырысқа қатысушылар арнаулы жұмыс тобы туралы ережелерді қарап қабылдамақшы. Бұл құжатқа сәйкес, «топ Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында инвестициялық ынтымақтастықты пәрмендендіру және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатымен құрылған». Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге инвестиция тартуға және оны қорғауға қолайлы жағдайлар туғызуға ықпал жасау, ұйымға мүше елдер аумағындағы инвестициялық жобалар туралы мәліметтер қорымен алмасу және оны жүзеге асыруға түрткі болуы тиіс.
Сонымен бірге, жұмыс тобы өзара инвестициялық ынтымақтастықтың басымдық берілген бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған бірлескен шараларды жүзеге асыру, осындай шаралар жобасын жасау, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің инвестициялық потенциалын өзара тиімді пайдалану жолдарын зерттеу, инвестициялық саясатты айқындаушы уәкілетті органдар арасындағы ықпалдастықты қамтамасыз ету, инвестиция саласындағы ақпараттармен алмасу міндеттерін де жауаптанады.
Отырыс барысында сарапшылар Шанхай ынтымақтастық ұйымының Іскерлер кеңесінің Жарғысын қабылдайды.