Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер лаңкестік және экстремизммен күреске бағытталған күш-жігерді топтастырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер лаңкестік және экстремизммен күреске бағытталған күш-жігерді топтастырмақшы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер лаңкестік және экстремизммен күреске бағытталған күш-жігерді топтастырмақшы

Бүгін, 2-маусымда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының екінші мәслихаты барысында Ұйымның осы кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген қауіп-қатерлерге қарсы күрес әлеуетін нығайту міндеттеріне баса көңіл бөлінді. Бұл туралы кездесу қорытындысы бойынша таратылған хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2005
  • 487
Фото - Caravan.kz

Жиын барысында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, соның ішінде бірлескен артитеррорлық жаттығулар өткізу, мамандар дайындау, лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күрес мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған нақты қадамдар айқындалды.

Отырыста сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін бірдей болатын лаңкестік ұйымдар мен лаңкестікке қатысы бар адамдардың тізімін дайындау жұмысын жеделдетуге шешім қабылданды.
Бұған қоса есірткі, қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы мен жалдамалылыққа қарсы қарсы күрес саласындағы уағдаластықтарды нақты іске асыру шаралары қаралды.
Кездесуге қатысушылар Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы есірткілік және психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындауға қатысты Тәжікстан жағы әзірлеген ақпарат пен Қазақстанның заңсыз есіткі айналымымен күрес тәжірибесімен алмасу туралы хабарламасын тыңдады.
Жиынға ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов, ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнкан, Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М.Ниязов, Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов, Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Амиркул Азимов пен Өзбекстан президентінің жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Руслан Мирзоев қатысты.

Перейти к новостям спорта