Атап айтсақ, Ташкент декларациясына қол қойылды. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың айтуынша, бұл құжат «Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің аймақтағы және жалпы дүниежүзіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылысын» паш етеді.
Сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеті туралы Конвенцияға, ұйымға мүше елдер арасындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, «Шанхай Ынтымақтастық ұйымының күнін атап өту туралы», «Шанхай Ынтымақтастық ұйымына бақылаушылық жасау мәртебесі туралы ережелерді бекіту туралы», «Монғолияға Шанхай Ынтымақтастық ұйымына бақылаушы болу мәртебесін беру туралы» шешімдер қабылданды.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерінің деңгейінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымы Атқару комитетінің мәліметтер қоры туралы келісім мен ұйымға мүше елдердің сыртқы істер минитрліктері арасындағы іс-қызметті үйлестіру және ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.
Қол қойылған құжаттар мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы сөз қозғаған Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов «олар Шанхай Ынтымақтастық ұйымының елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді құралына, халықаралық саясаттың нақты факторына айналуына құқықтық база қалыптастырады» деп атап көрсетті.