РФ СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, отырыстың күн тәртібінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының шілде айында Астанада өткен саммитінің шешімдеріне сәйкес ұйым шеңберіндегі ықпалдастық тетіктерінің аясын кеңейтуге, сондай-ақ, оған біріккен алты елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуға қатысты мәселелер талқыланады.
Сонымен бірге отырысқа қатысушылар Шанхай Ынтымақтастық ұйымының 2006-жылға арналған бюджетін бекітіп, қаржылық мәселелерге қатысты бірқатар шешімдер қабылдайды.
Отырысқа алғаш рет Шанхай Ынтымақтастық ұйымының жанындағы бақылаушы елдер -Үндістан, Иран, Монғолия және Пәкістанның өкілдері қатысады.