Шанхай Ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау функциясы Өзбекстаннан Қазақстанға берілді - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау функциясы Өзбекстаннан Қазақстанға берілді - ҚР президенті

Шанхай Ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау функциясы Өзбекстаннан Қазақстанға берілді - ҚР президенті

Шанхай Ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау құқығы Өзбекстаннан Қазақстанға берілді. Бұл туралы бүгін, 17-маусымда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Өзбекстан астанасынан.

  • 17 Маусым 2004
  • 756
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті ұйымға төрағалық жасау функциясын Қазақстанға беру туралы шешім қабылдағаны үшін әріптестеріне ризашылық білдіре отырып, республика тарапынан «жұмыс қабілетін қамтамасыз ету және келесі кездесуді «жоғары деңгейде өткізу үшін барын салады» деп мәлімдеді.

Соңғы уақытта Шанхай Ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі әріптестік «жаңаша мазмұнға ие бола бастады»,- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының түсініктемесіне жүгінсек, биыл Ресей мен Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттер аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мәселесін қайтадан күн тәртібіне қойып отыр. «Аймақтағы оқиғалар Шанхай Ынтымақтастық ұйымын құру туралы шешімнің дұрыстығын дәлелдей түседі»,- деді президент. Ол сондай-ақ, аймақ мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар «тарихи тату көршілік және ынтымақтастықтың ашықтығы тәрізді берік тұғырларға негізделетінін» атап өтті.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, мемлекет басшыларының көзбе-көз кездесуі барысында «ұйымның беделі мен ролі арта түскендігі» туралы талқыланды. «Монғолия президентінің өз елін ұйымға бақылаушы ретінде қабылдау жөніндегі өтінішін қанағаттандыру Шанхай Ынтымақтастық ұйымының ашықтығына тағы бір мысқал үлес болмақ»,- деді президент. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл оқиға Шанхай Ынтымақтастық ұйымына бақылаушы болу мәртебесі туралы шешім қабылданғаннан кейін жүзеге асады.
Н.Назарбаев сондай-ақ, 15-маусымды Шанхай Ынтымақтастық ұйымының күні деп жариялау туралы идеяға қолдау білдірді. Ұйымның іргетасы қалаған 2001-жылдың 15-маусымы, президенттің айтуынша, «есте қаларлық айтулы» күн болмақ.