Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымы Атқару комитетінің басты мақсаты — Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары, шұғыл іздестіру шаралары мен лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күреске бағытталған басқа да шараларын жүзеге асыру және оларға дайындық саласындағы өзара ынтымақтастығын дамытуға түрткі болу.
Сондай-ақ, ұйымның аймақтық антитеррорлық құрылымы лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күрес мәселесіне қатысты халықаралық құқықтық құжаттар жобасын жасауға қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, атқару комитеті халықаралық лаңкестік ұйымдар, олардың құрылымы, жетекшілері мен қатысушылары, қаржысы мен оларды қаржыландыру көздері, заңсыз есірткі айналымы туралы мәліметтер қорын құрып толықтыру жұмыстарымен айналысады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ұйымның аймақтық антитеррорлық құрылымының атқару комитеті Ташкентте орналасады. 2006-жылдың қазан айына дейін аймақтық антитеррорлық құрылымның бас пәтерінің директоры қызметін Вячеслав Касымов атқарады.