"Шаншар театрының кейіпкері Абаевтан алынған ба деп қалдым": Адвокат министрді "Шаншар" кейіпкерімен салыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шаншар театрының кейіпкері Абаевтан алынған ба деп қалдым": Адвокат министрді "Шаншар" кейіпкерімен салыстырды

"Шаншар театрының кейіпкері Абаевтан алынған ба деп қалдым": Адвокат министрді "Шаншар" кейіпкерімен салыстырды

 

  • 12 Шiлде 2022
  • 130
Фото - Caravan.kz

Желіде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қарияға берген жауабы халықтың ашуына тиіп жатыр. Ал, адвокат Мейірбек Даубалаев оны "Шаншар" театрының кейіпкерімен салыстырды. 

"Шаншар театрының кейіпкері Абаевтан алынған ба деп қалдым ғой. 
Шындығына келгенде, ия күлерімді ия жыларымды білмеймін. 
Масқара ғой мынау, халықтың ашу мен ызасын тудыратын осындай шенеуніктер Жаңа Қазақстанда болмауы тиіс, әйтпесе Жаңа Қазақстанды — Жаңа Қаңтар күтіп тұр!

P.S. Видео қатардың бір біріне қатысы жоқ", деп жазды автор. 

Видеода қарт әже телеарнада берілетін түрік және үнді сериялдарға қатысты шектеу жайлы сұраған болатын. Бірақ, Абаев қарт кісіні келеке етіп, "қолыңызда пульт бар, ауыстыра салмайсыз ба" деп мысқылдап жауап бергені халықтың ашуына тиді. 

Министр енді бірде хоккей ойнайсыңдар ма… ақшасын төлейін дейді, сұраққа орай.

"Елді сыйламайтын шененуік үкімете қалай жүр", "Ондай адамдармен қалай жаңа Қазақстан құрамыз", "халықты менсінбеу", деген сынды пікірлер жазды.   


 

ШАНШАР театрының кейіпкері Абаевтан алынған ба деп қалдым ғой Шындығына келгенде ия күлерімді ия жыларымды білмеймін Масқара ғой мынау, халықтың ашу мен ызасын тудыратын осындай шенеуніктер Жаңа Қазақстанда болмауы тиіс, әйтпесе Жаңа Қазақстанды — Жаңа Қаңтар күтіп тұр! P.S. Видео қатардың бір біріне қатысы жоқ

Posted by Адвокат Мейрбек Даубалаев on Sunday, July 10, 2022

 

Соңғы жаңалықтар