Шақпақ асуында бораннан жүздеген көлік тоқтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шақпақ асуында бораннан жүздеген көлік тоқтап қалды

Шақпақ асуында бораннан жүздеген көлік тоқтап қалды

Шақпақтағы шытырман. Кешелі бері Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының шекарасындағы Шақпақ баба асуында жүздеген көлік тоқтап қалды. Буырқанған боран салдарынан жабылған жолда жүз жүк көлігі мен 4 жолаушы автобусы қардың құрсауында қалған.

  • 1 Желтоқсан 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz

— Неге қайтпай жатырсыздар сіздер? Жаңа ескерткенде неге қайтпадыңыздар?

Оңтүстік Қазақстан облысының Шақпақ баба асуына барар жолда құтқарушылар әр көлік жүргізушісіне ескерту жасап жатыр. Ақ түтек боран жол көрсетер емес. Сондықтан барлық көліктер кері қайтарылуда.

Ерғали Бахаев, ОҚО ТЖД бөлім бастығы:

— Ақбиік елді мекенінде тосқауыл қойылып, бәрі кейін қайтарылып жатыр. Алдымыздағы боранның қанша уақытқа созылатыны қазір белгісіз.

Асудың етегіндегі Ақбиікауылында жүз шақты жүк көлігі тоқтап тұр. Арасында төрт жолаушы автобусы да бар. Жұрағаты бары туыстарын жағалап кетсе, қалған екі жүздей адам жақын маңдағы қонақ үй мен сауықтыру орталықтарына орналастырылды. Асудың Жамбыл жағында да жағдай мәз емес. Жүзден аса көліктің «Айша бибі» бекетінде қаңтарылып тұрғанына тәулік болды. Түн ішінде құтқарушылар жеңіл көліктердің жолаушыларын қауіпсіз жерге көшірді. 


Қайыржан Қайрамов, көлік жүргізушісі:

— Биылдыққа мұндай ауа райын бірінші мәрте көріп отырмын. Бір метр жердің өзі көрінбейді. Қар борап тұр. Көлігім жолда қалды, ертең шығаруға көмек береді. Онда ештеңе жасауға мүмкіндік жоқ. Өзімді бораннан алып шықты.

Құтқарушылар түн бойы жолды шолумен болды. Ондағысы төпеген боранда қалып қойғандарды табу. Ресми мәліметке жүгінсек, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ. Ал жабылған жол бүгін ғана ашылып, жолаушылар сапарын жалғастыруға мүмкіндік алды.