Шара Әденқұлқызының ән кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шара Әденқұлқызының ән кеші өтеді

Шара Әденқұлқызының ән кеші өтеді

Алматыда 16 қарашада әнші-сазгер Шаба Әденқұлқызының «Маржан қыз» деп аталатын жеке концерті өтеді. Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында өтетін бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және әншінің жеке шығармашылық ізденісінің 10 жылдығына арналып отыр.

  • 4 Қараша 2011
  • 522
Фото - Caravan.kz

Өнер әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген өнерпазды қолпаштауға биші — Шұғыла Сапарғалиқызы және Ақбота Керімбекова, Нұрлан Албан, Тоқтар мен Бейбіт және өзге де әншілер мейман ретінде қатыспақ. Ән сүйер қауымға Шаба деген атпен белгілі болған кеш иесі онда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялыяқ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан композиторлары мен авторлық және халықтық шығармаларды жанды дауыспен орындағалы отыр.

Қытайда өмірге келіп, музыка колледжін бітірген Ш. Әденқұлқызы 2002-2008 жылдары білімін Алматыдағы Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясында ұштаған болатын. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқытушы болып жұмыс жасап жүрген әнші-ұстаз, қазіргі кезде сазгер ретінде 30-ға жуық әннің авторы болып отыр. Оның шығармаларын орындаушылар арасында бүгінгі таңда Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева, Меруерт Түсіпбаева сияқты белгілі шеберлерімен қатар, бірқатар жас әншілер бар.

Перейти к новостям спорта