"Шаралтын" АҚ 2005-жылдың алғашқы жартысында экспортқа 351,4 килограмм алтын мен 793,5 килограмм күміс шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шаралтын" АҚ 2005-жылдың алғашқы жартысында экспортқа 351,4 килограмм алтын мен 793,5 килограмм күміс шығарды

"Шаралтын" АҚ 2005-жылдың алғашқы жартысында экспортқа 351,4 килограмм алтын мен 793,5 килограмм күміс шығарды

"Шаралтын" АҚ 2005-жылдың алғашқы жартысында экспортқа 351,4 килограмм алтын мен 793,5 килограмм күміс шығарды. Бұл туралы алтын өндіруші "Шаралтын" АҚ-ның 2005-жылдың екінші тоқсанындағы іс-қызметінің қорытындысына арналған есепте айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Тамыз 2005
  • 342
Фото - Caravan.kz

Екінші тоқсанның үш айында 227,5 килограмм катод алтыны мен 389 килограмм күміс өндірілді. Қазақстанның алтын өндіруші компаниясының өнімдерін негізінен бұрынғыдай швейцарияның Metalor Technologies SA фирмасы тұтынуда.

Компания ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың екінші тоқсанында компания SRK Consulting фирмасының басшылық етуімен және Қазақстандық институттардың қатысуымен Мизек кенішіндегі сульфидті кеннің алдын-ала техника-экономикалық негіздемесі бойынша жұмыстарды жалғастырды. Сонымен бірге бұған дейінгі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесін дәлелдеуге бағытталған бұрғылауды жүзеге асырды. Бұрғылауға жасалған талдау қорытындылары 2005-жылдың үшінші тоқсанында дайын болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мизек кенішіндегі дәлелдік бұрғылау жұмыстары 4900 метр тереңдікте алмасты бұрғылау тәсілін пайдалану негізінде жүзеге асырылды. Бұл жоба алтын өндіру мөлшерін 2008-жылы екі есеге арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. «Шаралтын» АҚ мен оған аффилирлік байланысы бар компаниялар 2004-жылы 70 мың унция алтын өндірді.

Перейти к новостям спорта