Шардара өңіріндегі күрделі ахуалға байланысты үкімет басшысы республиканың оңтүстік өңіріне баруы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардара өңіріндегі күрделі ахуалға байланысты үкімет басшысы республиканың оңтүстік өңіріне баруы ықтимал

Шардара өңіріндегі күрделі ахуалға байланысты үкімет басшысы республиканың оңтүстік өңіріне баруы ықтимал

Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен бүгін, 9-ақпанда өтеді деп белгіленген әділет министрлігінің алқа мәжілісі кейінге шегерілді. ҚР әділет министрінің бірінші орынбасары Иоганн Меркельдің айтуынша, "қазір ғана телефонмен хабарласқан үкімет басшысы республиканың оңтүстік өңіріндегі күрделі ахуалға байланысты отырысқа қатыса алмайтынын" жеткізді.

  • 9 Ақпан 2005
  • 411
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасынан келетін су көлемінің артуына байланысты Шардара су қоймасына таяу жатқан өлкелерді топан су басу қаупі төніп отыр.

Егерде келетін су көлемі азаймаса, алдағы 6 күнде Шардарадағы су көлемі 5 млрд. текше метрге жетпек.
7-ақпан, дүйсенбідегі келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар хаттамаға қол қойып, соған сәйкес Қырғызстан жағы Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін секундына 650 текше метрге дейін азайтуға міндеттеме жүктеді. Сол күні кешке ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник басқарған Қазақстанның үкіметтік өкілдері аталмыш тауқыметті Өзбекстандық әріптестерімен талқылау үшін Ташкентке аттанып кетті. Қазақстан Шардара су қоймасынан Өзбекстандағы Арнасай ойпатына құйылатын су көлемін көбейту жөнінде келісімге келуден үмітті.
KZ-today тілшісіне мәлім болғанындай, қазір Астанада Қырғызстан және Өзбекстан республикаларымен арадағы келіссөздерге Д.Ахметовтың тікелей қатысу мүмкіндігі туралы мәселе талқылануда.

Перейти к новостям спорта