Ал 14-ақпан, дүйсенбідегі жағдаймен су көлемі 4 млрд. 922 млн. текше метрді құраған. 5 күнде су көлемі 58 млн. текше метрге артты. Ал қойманың жобалық көлемі 5,2 млрд. текше метрге тең.
Қазіргі жағдаймен Шардараға келіп жатқан су көлемі 1522 текше метр/сек, жіберілетін су көлемі 1263 текше метр/сек, ал Сырдария арнасына 700 текше метр/сек, Қызылқұм каналына — 100 текше метр/сек, Арнасайға 474 текше метр/сек су жіберілуде.