Қ.Тоқаевтың айтуынша, Шардара су қоймасында айрықша күрделі ахуал қалыптасып отырғандықтан, мемлекеттер өткен аптада Бішкекте өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша жүктеп алған міндеттемелерін орындауы қажет. «Қалыптасқан күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы -келіссөздер жүргізу болмақ»,- деді ҚР СІМ.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, ұлттық сыртқы істер министрлері «өз үкіметтерінің жұмысын» аталмыш бағытта пәрмендендіруге түрткі болуы тиіс, алайда, «қазіргі жағдаймен мұндай жұмыс нышаны байқалмай отыр».