Шардара су қоймасының тоғанын жөндеу жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардара су қоймасының тоғанын жөндеу жұмыстары басталды

Шардара су қоймасының тоғанын жөндеу жұмыстары басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Арнасай су тоғанын жөндеу жұмыстарының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шардара су электр станциясы директорының орынбасары Нәби Серікбаев хабарлады.

  • 22 Маусым 2005
  • 771
Фото - Caravan.kz

Былтыр Шардара су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарына жарияланған тендерде жеңіске жеткен Қытайдың геоинженерлік корпораиясы тұсаукесер өткізді. ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев басқарған Қазақстандық, сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандық өкілдер жұмыс барысымен танысты.

Көктемгі су тасқыны кезінде Арнасай тоғанына ақау келген болатын. Қазір оның Арнасай ойпатына қараған бетін бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына жергілікті 135 тұрғын жегілген.
Жөндеу жұмыстарының бірінші кезегі биылғы күзде аяқталуға тиіс. Шардара су қоймасын жаңалау іс-шаралары 2007-жылы толық аяқталады. Мемлекеттік бюджеттен бұл мақсатқа 2 млрд. 282 млн. теңге бөлінді.

Перейти к новостям спорта