«Тұрғындарға арналған су Шардара су қоймасынан айдалады. Тазарту қондығыларының жұмысы сын көтермеуге байланысты ауыз судың сапасы да осал болып тұр»,- деді Қ.Ержан.
«Қазір су көлемінің азаюына және аптап ыстыққа байланысты су қоймасындағы су жасыл суспензияға айналып гүлденіп кетті. Бірақ осындай судың өзін шексеусіз беру мүмкін болмай отыр. Қала үш бөлікке бөлінген. Әрбір бөлікке су үш күнде бір мәрте беріледі»,- деді ол.
Қ.Ержанның айтуынша, биыл қуаңшылыққа байланысты су қоймасына секундына 50 текше метр ғана су келуде, су қоймасындағы су көлемі 800 млн. текше метрге тең. Ал жобалық көлемі 5 млрд. 200 млн. текше метрді құрайды. Судың қалдығы 1 млрд. текше метр болған жағдайда ол «өлі қалдық» деп саналады. «Былтыр осы уақытта су қоймасына келетін су көлемі секундына 327 текше метрді құраған. Судың сырттан ағып келуіне байланысты судың сапасы да әжептәуір еді. Ал биыл ол мүлдем тоқтау суға айналды. Соның салдарынан иістеніп кетті»,- деді ол.
Қ.Ержанның айтуынша, «Таза су» бағдарламасына сәйкес, Шардарада осымен төртінші жылдан бері су құбырларын тарту мен тазалау қондырғыларын салу жұмыстары жүзеге асырылуда. Алайда, қаржы бөлінгеніне қарамастан, мердігер фирма өзіне жүктелген міндетті атқара алмай отыр. «Осы жөнінде бірнеше мәрте ескертілгеніне қарамастан, облыс басшылығы ахуалға мән бермей отыр»,- деді Қ.Ержан.