"Шариғат бойынша еркек жынысын ауыстыруға бола ма": Нұрлан имам жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 506.7
  • 593.14
-10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шариғат бойынша еркек жынысын ауыстыруға бола ма": Нұрлан имам жауап берді

"Шариғат бойынша еркек жынысын ауыстыруға бола ма": Нұрлан имам жауап берді

Танымал дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы "ALQA" радиосының эфирінде тыңдарманның ерекше сұрағына жауап берді.

  • 22 Қаңтар
  • 119
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Имам эфирде тыңдарманның «Шариғат бойынша еркек адам мүшесін ауыстыруға бола ма? Қазір трансгендерлер ауыстырып жатыр ғой» деген сұрағына жауап берді.

«Ол ауыстыратын автобөлшек емес қой. Камаз камаз болып, танк танк болып, трактор трактор болып қалуы керек. Велосипед ешқашан трактор бола алмайды. Тура сол сияқты әр нәрсе өз орнында қалу керек. Алла тағала еркек қылып жаратты ма, еркек болып қалу керек. Қазір заман ауысып, адамдар өзгеріп жатыр. Егер ауыстыратын болса, ми ауыстырған дұрысырақ, жеңілірек болатын шығар. Сана берсін. Біздің қазаққа мұндай дүние келмейді деп едік. Бара-бара біздің де етіміз үйреніп бара жатыр. Негізі жақсы нәрсе емес, харам. Тиіспеу керек, тұрған нәрсе тұрсын», — деді имам.

Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоны желі қолданушылары қызу талқылауда.

«Қазақта жоқ әдеттің бәрі келіп болды ғой, масқара», «Алла берген мүшені қалай ауыстырады», «Сұрайтын басқа нәрсе қалмады ма», «Өте нашар сұраққа қандай керемет жауап», «Сұрағын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Түбегейлі ауыстыру емес, өзгерту дегесі келген сияқты. Қазір үлкейтетін, ұзартатын неше түрлісі бар ғой», — деп жазды олар.