Шаршы алаңға Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін ғана ораламын - Дмитрий Пирог - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шаршы алаңға Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін ғана ораламын - Дмитрий Пирог

Шаршы алаңға Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін ғана ораламын - Дмитрий Пирог

Орташа салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Пирог шаршы алаңға WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін ғана оралатынын мәлім етті, деп хабарлайды vesti.kz.

  • 1 Наурыз 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

«Ол жеңістерге жету мен нокаутқа жіберудің нағыз шебері. Барлығы одан көп күш-жігер жұмсалатын әрі тартысты боксты күтеді, ал менің ойымша, оның әлеуеті әлдеқайда жоғары. АҚШ-та НВО арнасында жекпе-жегіміз өтуі тиіс болған. Американдықтар оны қалап тұрды, біз де қарсыласуға дайын болдық. Бірақ менің жарақатым кедергі болды. Біздің арамыздағы жекпе-жекті көпшілік әлі де күтуде. Арқамдағы ауырсыну басылса, боксқа тек Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін ораламын», — деп келтіреді Д.Пирогтың сөздерін «Комсомольская правда» басылымы.

Пирог жарақаты салдарынан 2012 жылдан бастап жекпе-жекке шықпағанын атап өту керек. Головкин болса соңғы жекпе-жегін 22 ақпан күні Монакода өткізіп, онда 11-ші раундта британдық боксшы Мартин Мюррейді техникалық нокаутқа жіберіп жеңіске жеткен.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера