Шаруаларға барынша қолайлы болатын несиелік бағдарламалар жасалуда – Қайрат Айтуғанов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шаруаларға барынша қолайлы болатын несиелік бағдарламалар жасалуда – Қайрат Айтуғанов

Шаруаларға барынша қолайлы болатын несиелік бағдарламалар жасалуда – Қайрат Айтуғанов

Елімізде ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламалар көп. Соның арқасы болса керек, бүгінде бұл салада едәуір алға жылжу бар деп айта аламыз.

  • 22 Қараша 2017
  • 1376
Фото - Caravan.kz

Осы бағдарламалар қалай жүзеге асырылуда? Олардан қандай нәтиже бар? Caravan.kz медиа-порталының осы тұрғыдағы сұрақтарына ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов жауап берді.

— Биыл елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бұл істің алғашқы жылы аяқталуға жақын қалды. Биыл осы бағдарламаға қатысты қандай жұмыстар атқарылды?

— Мемлекет Басшысының аграрлық секторды экономиканың жаңа драйвері ретінде қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылданып, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыстар атқарылады.

Осылайша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында қолданыстағы субсидияның 65 түріне толық талдау жасалды. Тиімсіз он бір түрі қысқартылды, 40 түрі бойынша талаптар өзгертіліп, қалған он төрті өзгертусіз қалдырылды. Нәтижесінде жыл сайын
25 млрд. теңге үнемделіп, басты бағыттарды қосымша қаржыландыруға мүмкіншілік жасалды. Жалпы, қабылданған жаңа шешімдер ауыл шаруашылығы өнімін бұрынғы бюджет шеңберінде 29 пайызға ұлғайтады.

Ағымдағы жылы жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының пәрменді әртараптандыруы жүргізілді. Соның салдарынан сұранысқа ие дақылдардың алқаптары 1348 мың гектарға ұлғайтылды. Дақылдар бөлінісінде ұлғаю көлемі мынадай:

— майлы дақылдар 2,3 млн. гектардан немесе егіс алаңының 93%-нан жиналды;

— 3,4 млн. тонна арпа жиналды;

— қант қызылшасы – 7 мың га немесе 1,5 есе.

Астық сапасын арттыру үшін ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау бойынша қажетті шаралар қабылданды, атап айтқанда, бірегей және элиталық тұқымдарды субсидиялау қалпына келтірілді, 1 репродукциялы тұқымдарды субсидиялау кезіндегі ең төменгі нормалар алынып тасталды.

Бұдан басқа, тұқым шаруашылығын қаржыландыру басымдықтарды қайта қарау есебінен сол бюджет шеңберінде бастапқы көзделген сомамен салыстырғанда 2,1 есеге ұлғайтылып, 7,8 млрд. теңгені құрады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде себілген элиталық тұқым көлемі 126 мың тоннаға дейін (жалпы себілген тұқым көлемінің 5,2%-ы) (2016 жылы — 83,0 мың тонна – 3,5%) артты, ал 4-5 және жаппай репродукциялы сапасы төмен тұқымдарды пайдалану 486 мың тоннадан 311 мың тоннаға дейін 1,6 есеге қысқарды.

Бұл ретте, Мемлекеттік бағдарламада көзделген 2017 жылға арналған егілген элиталық тұқым үлесі бойынша индикативтік көрсеткіш 4%-ды құрайды.

Субсидиялау механизмдері өзгертілді. Егерде алғашқыда субсидиялар нормалары пайыздық мөлшерде бекітілсе, енді абсолюттік цифрларда (теңге) бекітіледі. Яғни ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тыңайтқыштарды шығарылған еліне қарамастан сапа мен баға бойынша таңдауға мүмкіндік береді, бұл қолданылатын тыңайтқыштар ассортиментін ұлғайтады (2016 жылы субсидияланатын тыңайтқыштар тізімі 85 түрден болса, 2017 жылы – 156 түрден).

Тыңайтқыштарды қолдану бүгінгі күні 342 мың тоннаға дейін жеткізілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге көп. Нәтижесінде тыңайтқыштар енгізу қажеттіліктің 14%-ын құрайды, бұдан бұрын бұл көрсеткіш 10%-дан аспайтын.

Өткен жылдың өнім шығымдылығының жоғарылығына қарамастан, тұқым шаруашылығы мен минералды тыңайтқыштар бойынша қабылданған шаралар астық сапасын арттырып, қолайлы өнімділік жағдайының жиынтығымен рефакция пайызы мен астықтың ылғалдылығының төмендеуіне әсер етті.

Дәнді дақылдарды жинау аяқталды. 22,1 млн. тонна астық жиналды, түсімділік гектарына 14,4 центнер болды.

Мал шаруашылығында 40 субсидия түрі қайта қаралды. Өзгертілген субсидиялау өлшемшарттары сол бөлінген қаражат шеңберінде-ақ субсидия алушыларды кеңінен қамтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде бұл өндірілген өнім көлемінің ұлғаюында көрініс табуда.

Атап айтқанда, сиыр еті, сүт, құс еті бойынша мемлекеттік қолдау 100%-ға жеткізіліп, ал жүн бойынша 3,6 есеге өсті.

Және де бұған сол бұрынғы қаражат деңгейінде, яғни, бастапқы бюджет шығыстарын өзгертпей-ақ қол жеткізіліп отыр.

Ұсақ шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге тарту бойынша мынадай жұмыс жүргізілді.

Жылдың басынан 770 бірлік, оның ішінде сүт дайындау бойынша 273 бірлік, ет өндіру және дайындау бойынша 375 бірлік  тіркелген. 109 563 ІҚМ басына арналған отбасылық бордақылау алаңдары құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлы өндірісіне 56 мың жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ фермерлік шаруашылық тартылды. Кооперативтер 48 мың тонна сүт, 15 мың тонна ет, 3,6 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін дайындады.

Бұл ағымдағы жылы кәсіпорындар жүктемесін орташа есеппен сүт дайындау бойынша 60-тан 65%-ға дейін, ет бойынша 55-тен 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Жанында кооперативтер жұмыс істейтін кәсіпорындар бойынша, мысалы сүт бойынша 64 сүт зауытының жүктемесі 20-25%-ға ұлғайды.

Министрлік агроөнеркәсіптік кешеннің одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін негізгі проблемаларды жүйелеп, «Карталар» түріндегі нақты индикаторлармен жұмыс істейтін нүктелі шараларды пысықтады. Агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарын дамытудың 10 картасы әзірленіп болды, тағы 2 карта әлі әзірлеу сатысында. 

Карталар жобалары салалық қауымдастықтар мен одақтардың, қоғамдық кеңестердің, агробизнес пен ғылыми ұйымдардың өкілдерімен жан-жақты талқыланды, барлық мүдделі тараптардың пікірлері ескеріліп, пысықталды.

Жария талқылау аяқталғаннан кейін ағымдағы жылғы 14 қарашада Үкімет отырысында Карталар таныстырылып, мақұлданды.

10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға артты.

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 4,5%-ға ұлғайды.

— Бағдарлама бойынша алдағы төрт жыл бойы қандай мәселелерге мән берілмек?

— Тамақ өнімдерінің анағұрлым сұранысқа ие түрлеріне баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту мақсатында бәсекеге қабілетті өнімді бастапқы қайта өңдеу, сақтау мен өткізу үшін қолайлы жағдай және инфрақұрылым жасау жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаумен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажет.

Осы Бағдарлама Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарына және «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың «Агробизнес-2017» бағдарламасы мен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын интеграциялау негізінде әзірленді.

Осылайша, аталған Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерінің аса қажетті түрлері бойынша халықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты айқындауға бағытталатын болады.

— Енді осы бағдарламаның мақсаты, жүзеге асыру механизмдері туралы айтып берсеңіз…

Басты мақсаты: нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету;

Міндеттері:

1) ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту;

2) ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту;

3) мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану;

4) су ресурстарын тиімді пайдалану;

5) жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау;

6) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру;

7) сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

8) ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету

Премьер-министрдің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өткен айда Мәжіліс депутаттарына агроөнеркәсіп кешенін дамыту карталарын таныстырды. Бұл не карта? Онда қандай шаралар қарастырылған?

— Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Министрлік ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ні мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын (бұдан әрі — Карталар) әзірледі.

Карталар бар проблемаларды егжей-тегжей талдау негізінде әзірленді және мынадай даму бағыттары бойынша нақты шараларды қамтиды:

  • ауыл шаруашылығы кооперациясы;
  • аграрлық қайта өңдеу;
  • АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру;
  • тұқым шаруашылығы;
  • өсімдіктерді қорғау;
  • агрохимия (минералды тыңайтқыштар);
  • азық өндірісі (азық теңгерімі);
  • көтерме-тарату орталықтары;
  • егістікті ұлғайту;
  • шалғайдағы қой шаруашылығы;
  • аграрлық ғылымды жаңғырту;
  • сиыр еті өндіру
  • субсидиялаудан жеңілдікпен кредит беруге көшу жоспары.

Қазіргі уақытта, Карталар Министрліктің, «Атамекен» ҰКП-ның  алаңында, сондай-ақ өңірлерде салалық қауымдастықтар және одақтар, қоғамдық кеңестер, агробизнес және ғылыми ұйымдар өкілдерімен талқыланды және  барлық мүдделі тараптарды ескере отырып пысықталды.

  • Ауыл шаруашылығы кооперациясы картасы

Бұл Карта қабылданды және оны іске асырудың арқасында ағымдағы жылы мал шаруашылығында алғашқы нәтижелерге қол жеткізілді. Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 3,3%-ға: ет өндірісі 5,7%-ға, сүт өндірісі 2,8%-ға ұлғайды.

2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 56,0 мыңнан аса жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықты қамтыған 769 кооператив (жоспар 326) құрылды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар 6 476 бордақылау алаңын құрды, бұл адамдардың барлығы Дара кәсіпкер болып қайта тіркелді. Аталған бордақылау алаңдарының қуаттылығы – 108,7 мың басты құрайды.

48,6 мың тоннадан аса сүт және 15 мың тонна ет дайындалды.

Бұл биылдың өзінде сүт өңдеу бойынша кәсіпорындардың жүктемесін 60-тан 65%-ға дейін, ет өңдеу бойынша кәсіпорындардың жүктемесін 55-тен 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 1 мың тонна құс еті; 3,6 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері; 19 мың тонна бал және 30 тонна ешкі сүті дайындалды.

  • Аграрлық қайта өңдеу картасы.

Аграрлық қайта өңдеуді дамыту үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізілді және алғаш рет қайта өңдеу кәсіпорындарының Деректер базасы қалыптастырылды.

База кәсіпорынның ағымдағы жағдайын бағалауды, оның қуатын, жүктелуін, өнім номенклатурасын, сондай-ақ дамуды тежейтін проблемаларды қамтиды.

Импорт үлесінің жоғарылығын, жүктелмеген қуаттылықты және шикізаттық әлеуетті ескере отырып, 435 кәсіпорынмен ұсынылған, қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды. Бұл – сүтті, етті, теріні және жүнді, майлы және дәнді дақылдарды, жеміс және көкөністі, қант қызылшасын және картопты қайта өңдеу, олар бойынша Аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарын орналастыру сызбасы, оның ішінде әр облыс бойынша, аудандар бөлінісінде әзірленді.

Картаға сәйкес 79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту керек.

Бюджетке жүктемені төмендету үшін, қарастырылған шараларды қаржыландыру қаржы институттары кредиттерінің қолжетімділігін қамтамасыз арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл міндет кредиттердің пайыздық мөлшерлемелерін арзандату жолымен шешілетін болады.

Картаны іске асыру қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9-дан 3 трлн. теңгеге дейін ұлғайтуға және 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте салық аударымдарының жалпы соммасы қосымша 171 млрд. теңгеге ұлғаяды.

  • АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру картасы

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникалық жарақтануы болып отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасының паркіне жүргізілген талдау 65% тракторлардың және 46% комбайнның қолдану мерзімі 17 жылдан асып кеткенін көрсетіп отыр. Бұл ретте, аталған тракторлардың 20%-ы жұмыс істемейді, ал 26%-ы есептен шығаруға жатады. Комбайндар бойынша да осыған ұқсас жағдай қалыптасқан.

Тозығы жеткен техниканы пайдалану жөндеуге және ЖЖМ-ға жұмсалатын шығынның 20%-ға артуына, және ең бастысы жалпы жиналымның шамамен 14%-ын немесе шамамен 200 млрд. теңгені жоғалтуға әкеліп соқтырады. Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл ең төменгі бағалау, нақтырақ айтқанда түсімді жоғалту 25%-ға жетеді.

Бұл ретте 20 отандық кәсіпорынның жүктемесі 30% деңгейінде, импорт сандық көрсеткіштерде де, ақшалай мәнде де өндірістен
2 есеге артық.

Қуатты комбайндар мен тракторлардың импортын алмастыруға Қазақстандағы өндіріс әлі қауқарсыз, бірақ отандық өндірістің топырақ өңдейтін және азық дайындайтын техника секілді «шағын механикаландыру» импорты бойынша жағдайды өзгертуге күші жетеді.

Мәселен, импорт шамамен 60 млн. АҚШ долларын құрайды, ал өндіріс тек 40 млн АҚШ доллары ғана. Аталған пропорцияны импортты 70-80%-ға алмастыру бөлігінде өзгертуге мүмкіндік бар.

Өндірістік қуаттылықтар арасында кооперацияны дамыту маңызды талап болып табылады. Бұл аралас салалардың жете жүктелуіне, сонымен қатар машина жасайтын зауыттардағы локализацияның артуына алып келеді. 

Карта шеңберінде мыналар көзделіп отыр:

бірінші, түпкілікті мөлшерлемесі 5%-ға дейін отандық ауыл шаруашылығы техникасы өндірісіне жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын енгізу;

екінші, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған инвестициялық субсидиялау тетігін өзгерту.

Инвестициялық субсидия ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге емес, зауытқа берілетін болады. Бұл ретте зауыт түпкілікті алушыға субсидия сомасы көлемінде жеңілдік жасай отырып, техника береді;

үшінші, машина бөлшектерін әкелу және ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде отандық зауыттар үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктер.

Ұсынылып отырған шаралар әлемдік жетекші ауыл шаруашылығы техникасы зауыттарын Қазақстанда ашуға ынталандырады.

Олардың іске асырылуы:

— машина-трактор паркін жаңарту қарқынын 1,5-дан 3,9%-ға дейін арттыруға;

— отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнімі өндірісін 2,5 есеге арттыруға;

— ауыл шаруашылығы техникасы импортының үлесін 72-ден 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

  • Тұқым шаруашылығы картасы

Өкінішке қарай, соңғы жылдары астық сапасының жыл сайын төмендеп келе жатқаны байқалады.

Негізгі себебі 2015 жылы элиталық тұқымдарды субсидиялаудың тоқтатылып, оларды субсидиялау кезіндегі ең төменгі нормалардың белгіленуі болып табылады.

Нәтижесінде себілген элиталық тұқым үлесі 2014 жылғы 6,3%-дан 2016 жылы 3,5%-ға дейін төмендеді.

Тұқым шаруашылығын қолдау және минералды тыңайтқыштар қолдану бойынша қабылданған шаралардың арқасында ағымдағы жылы бұл мәселедегі жағдайды дұрыстай алдық. Биылғы астық түсімінің сапасы өткен жылдың өнімінен бірнеше есеге асып түсті.

Сонымен қатар, ғылыми деректер бойынша сапасыз тұқымдарды пайдаланудан алынбаған өнім 2-2,5 млн. тоннаны құрайды.

Тұқым шаруашылығы саласындағы проблемаларды жүйелі түрде шешу мақсатында субсидиялау тетігін жетілдіру ұсынылады:

бірінші, айналым мерзімі 10 жылдан асқан сортты субсидиялаудан бас тарту қажет, бұл жыл сайын 3-4 млрд. теңге босатуға мүмкіндік береді;

екінші, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сапалы импорттық тұқымдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін (оларға ұқсас отандық тұқым болмаған жағдайда) оларға арналған нормативті ұлғайту (70%-ға дейін);

үшінші, тұқым шаруашылығы техникасына арналған инвестициялық субсидиялар нормативі 25%-дан 50%-ға дейін, ал субсидияланатын техникалар тізбесі 8 түрден 22 түрге дейін ұлғайтылады.

Бұдан басқа, тауарлы егістерге 1-репродукциядан төмен емес тұқымдарды пайдалануға біртіндеп көшу ұсынылады. Бұл элиталық тұқым егу үлесін 2018 жылғы 6%-дан 2021 жылы 12%-ға дейін ұлғайту есебінен жүзеге асырылады.

Бұл схеманың тұқым шаруашылығын субсидиялау тетігі өзгерістерін ескере отырып, жүзеге асырылуы 3-4 млрд. теңге бюджет қаражатын босатып, қайта бөлуге, сорт алмастыру мен сорт жаңартуды жылдамдатуға, өнімнің өнімнің түсімділігі мен сапасын арттыруға және жалпы жиналымға 8,3 млн. тоннаның қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • Өсімдіктерді қорғау картасы

Әр облыс бойынша егістердің фитосанитариялық жай-күйі айқындалды. Ластанған алаңдар мен нақты өңделген алаңдар анықталды. Мәселен, арамшөптер бойынша 4,7 млн. га, ал зиянкестер мен аурулар бойынша 1,5 млн. га өңдеумен қамтылмаған. Осының бәрі 1 млн. тонна жалпы өнім ысырабына әкеліп соқтырады.

Талдау кезінде, егістің зиянкестері мен ауруларымен күресуге бюджеттен бөлінетін 2,2 млрд. теңгеден тек 700 млн. теңгесі пестицидтерді сатып алуға, ал қалған 1,5 млрд. теңгесі көрсетілетін қызметтерді (сақтау, тасымалдау және химиялық өңдеу) сатып алуға жұмсалатыны анықталды, бұл тек 1,9 млн. га (залалданғанның 55%-ы) алаңды өндеу үшін ғана жеткілікті. Мұндай жағдай гербицидтерді субсидиялау бойынша да қалыптасып отыр.

Осыған байланысты, 2018 жылдан бастап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің препараттар сатып алуға жұмсаған шығындарын олардың құнының 50%-ы мөлшерінде жаңа схема енгізілетін болады.

Бұл өңделетін алаңды 2 есеге жуық, яғни, 1,9 млн. гектардан 3,4 млн. гектарға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл АШТӨ-нің керек мерзімде қажетті пестицидтерді сатып алуына және Министрліктің өңдеуге арналған препараттар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу мерзімдеріне тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.

  • Агрохимия (минералды тыңайтқыштар) картасы

Бұрынғы тыңайтқыштарды субсидиялау тетігі оларды қажетті көлемде енгізуге ынталандырмады. Сол себепті енгізу көлемі қажеттіліктің орташа 10%-ынан аспады.

Осыған байланысты, 2017 жылы тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құнынан абсолютті мәндегі нақты нормативтерді белгілейтін жаңа схемасы енгізілді.


Бұл оларды енгізу көлемін 1,3 есе арттыруға мүмкіндік берді.  Соңғы бірнеше жылда алғаш рет тыңайтқыштарды енгізу көлемі қажеттіліктің 14 %-ына жетті.

Осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін топырақтың агрохимиялық жай-күйін ескере отырып, субсидияланған тыңайтқыштарды енгізу жөніндегі талаптарды белгілеу, яғни тыңайтқыштарды тек қажет етілетін жерлерге енгізу көзделуде.

Қазіргі уақытта тыңайтқыштарды енгізудің бірыңғай ғылыми нормалары жоқ. Олар бір өңірде әртүрлі. Ғылыми ұйымдар әр облыс үшін бірыңғай норманы әзірледі, ол 3,9 млрд. теңгені  босатуға және оларды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, субсидиялауға жататын қажетті тыңайтқыштардың нақты тізбесі айқындалатын болады. Сұранысы төмен тыңайтқыштар алып тасталады. Бұл тағы да 1 млрд. теңге субсидияны босатуға мүмкіндік береді.

2021 жылға қарай 4,9 млрд. теңгені тиімді қайта бөле отырып, тыңайтқыштарды енгізу көлемі қажеттіліктің 25 %-ына дейін жеткізілетін болады.

Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 10-15%-ға немесе жалпы түсім көлемін 1,4 млн. тоннаға дейін қосымша ұлғайтады.

  • Азық өндірісі картасы (азық теңгерімі)

Ауыл шаруашылығы жануарлары басын толыққанды, теңгерімді азықпен қамтамасыз ету мал шаруашылығын тұрақты дамытудың шешуші факторы болып табылады. Қазіргі уақытта табиғи жайылымдар мен шабындықтар, далалық азық өндірісі және құрамажем өнеркәсібі азық базасының негізін құрайды.

Тек 4 облыстың – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының ұйымдасқан шаруашылықтары толықтай азықпен қамтамасыз етілген.

Азықпен қамтамасыз етуді жоғарылату есебінен жануарлардың өнімділігін арттыру бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары аса перспективалы болып табылады.

Карта шеңберінде мықты азық базасын құру мақсатында:

біріншіден, біржылдық және көпжылдық шөптердің тек тиімді және аудандастырылған тұқымдары мен сорттарын, сүрлемдік дақылдарды субсидиялау есебінен өнімділікті ұлғайту;

екіншіден, көпжылдық шөптердің егістіктерін жаңарту, өнімділігі төмен ескі егістіктерді жою;

Субсидияларды оңтайландыру сол қаражат есебінен мал шаруашылығын шырынды және сүрлемді азықтармен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл ретте субсидиямен қамту жыл сайын 826 мың гектардан 1,5 млн. гектарға дейін (немесе 1,8 есеге) ұлғайтылады.

үшіншіден, құрамажем өндіруге арналған жемшөп пен компоненттерді форвардтық сатып алу үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорциясы» АҚ-ға бюджеттік кредит беру ұсынылады. Бұл жұмыс істеп тұрған құрамажем зауыттарының жүктемесін 50 %-дан 75 %-ға дейін (1,2-ден 1,9 млн. тоннаға) ұлғайтады, сондай-ақ ұйымдасқан шаруашылықтардың азыққа қажеттілігін толықтай жабады.

Азық өндірісі картасын іске асыру мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісін 15-20 %-ға ұлғайтуға және ауыл тұрғындарының табысын 210 млрд. теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.

  • Көтерме-тарату орталықтары картасы

Қазіргі уақытта азық-түлік тауарларын өндірушілерден тұтынушыға дейін ілгерілету стихиялы режимде жүзеге асырылады. Мысалы, жеміс-көкөніс өнімдерін делдалдар фермерлерден және ЖҚШ иелерінен тікелей сатып алады. Ет өнімдері нарығында да осындай жағдай, онда көптеген ұсақ тауар өндірушілер өздігінен, санитариялық талаптарды сақтамастан малды сойып, көтерме саудада өткізу үшін етті базарға тасымалдайды.

Сауданың ұсақ форматы бұл тиімсіз алыпсатарлар, олардың кесірінен баға 2 және одан да көп есеге өседі.

Бұл жағдайды өзгерту үшін әр облыс орталығында көтерме – тарату орталықтарының желісі қажет. Көптеген елдерде мұндай практика қолданылады. Бұл Францияда «Ранжис», Испанияда «Меркаса» және Польшада «Бронише» көтерме-тарату орталығы бар.

Аталған КТО-лар МЖӘ қағидатында (табиғи жер гранты, инвестициялық субсидиялар, кредиттер, инфрақұрылым жүргізу) құрылатын болады. Ол үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кооперативтердің өз өнімдерін өткізу қызметін көрсетуі бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.

  • Егістікті ұлғайту картасы

1991 жыл мен 2016 жыл аралығында егістің алаңы 10,6 млн. гектарға қысқарды, олар тыңайған жерлер мен басқа алқаптарға ауыстырылды.

Бұл ретте, ең үлкен алаң – 7,5 млн. гектар немесе 70%-ы 5 облыста (Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында) кеміді.

Мал шаруашылығы өсімін ескере отырып, бізге егістіктің 1,9 млн. гектарын айналымға енгізу қажет. Бұл жерлер бірінші кезекте азықтық дақылдар мен басқа да сұранысқа ие дақылдарды (майлы дақылдар, жасымық) өндіру үшін пайдаланылатын болады.

  • Шалғайдағы қой шаруашылығы картасы

Қазақстан ежелден өз қой шаруашылығымен әйгілі. 1991 жылы республикамыз 36,0 млн. қой басымен әлемдегі ең ірі қой етін импорттаушылардың бірі болды.  

Соңғы жылдары іске асырылып жатқан шаралардың арқасында қой шаруашылығы тұрақты даму сипатына ие: жыл сайынғы өсім шамамен 3%-ды құрайды, ал мал басы 5 жыл бойы 15 млн. бас шамасында.

Іске асырылмаған әлеуеттің негізгі себебі қой басының жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы және жайылымдардың жоқтығы болып табылады. Оған куә – жайылымдардың елді мекендер үшін 55,9 млн. гектар болған кері теңгерімі мен қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер пайдаланып жүрген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жайылымдардың шағын профициті (11 млн. га). 

Жүнге келетін болсақ, бүгінгі күні жүн өңдейтін кәсіпорындар шамамен 12,7%-ға жүктелген. Бұл ретте жүннің 10%-ы ғана өңделетінін атап өту керек.

Осыған байланысты мыналар көзделіп отыр:

— жайылымдарда инфрақұрылым (құдықтар, киізүйлер, су көтеретін құрылғылар) құру арқылы шалғайдағы қой шаруашылығын дамыту. Мәселен, 2021 жылға қарай кемінде 7,5 млн. гектар босалқы жерді 2531 шалғайдағы учаске құрып, суландыру жоспарланып отыр, бұл қой санын 18,3 млн. басқа дейін арттыруға мүмкіндік береді (өсім 6%-дан кем емес);

— сервистік-дайындау орталықтарын құру, олардың қызметіне қойларды қырқу, жүнді сыныптау және буып-түю кіретін болады;

— жұмыс істеп тұрған 2 кәсіпорынды жаңғырту және жүннің барлық түрін кешенді қайта өңдеуге, оның ішінде қарашірік және шайыр түріндегі жаңама өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдана отырып, 1 зауыт салу.

Нәтижесінде қайта өңделген жүн көлемі 8,8 есеге, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 80%-ға артады. Бұдан басқа, ұсақ малдың терісін қайта өңдеу кәсіпорындардың қолданыстағы  қуаттылықтарын 50% дейін жүктейді.

  • Аграрлық ғылымды жаңғырту картасы

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, дақылдардың түсімділігін және жануарлардың өнімділігін арттыру үшін өндірістің, білім мен  ғылымның тығыз интеграциясы, отандық ғылыми зерттеулерді әзірлеу және енгізу, шетелдік тиімді технологияларды трансферттеу, елдің аграрлық нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау және қайта даярлау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді жылдамдатып инновациялық дамыту жоспарланып отыр.

Барлық осы шаралар Аграрлық ғылымды жаңғырту картасы жобасында көзделген.

  • Субсидиялаудан жеңілдікпен кредит беруге көшу жоспары.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тиімділігін арттыру және   агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуын ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы 65 субсидия түрі қайта қарастырылды. 11 тиімсіз субсидия түрі алынып тасталып, 40 түрі бойынша өлшемшарттары өзгертілді, ал қалған 14 түрі өзгеріссіз қалды.

Нәтижесінде жыл сайын 25 млрд. теңге үнемделеді. Ал өзгертілген өлшемшарттар сол бюджет шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін орта есеппен 30%-ға арттырады.

Мысалы, егер, сиыр еті бойынша бұрын субсидияны
175 бордақылау шаруашылығы алып келсе, бүгінгі күні субсидиямен 522 шаруашылық немесе 100% қамтылып отыр.

Сүт бойынша шаруашылықтарды субсидиямен қамту 2 есе артты. Құс еті бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтылғандар саны 100%-ға жетті.

Осының бәрі сол бұрынғы қаражат шеңберінде, яғни, бастапқы бюджет шығындарын ұлғайтпастан жүзеге асырылды. Және де негізінен ұсақ шаруашылықтар қамтылды.

Немесе басқа мысал, инвестициялық субсидиялаудың бұрынғы схемасында субсидия алушыларға қойылатын өлшемшарттар қолдан жоғарылатылған, бұл шағын және орта шаруашылықтарға бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бермейтін.

Мәселен, 2016 жылы төленген субсидиялардың жартысы 49 ірі жобаға немесе қатысушылардың жалпы санының 2%-ына (2,4 мың)  ғана берілді.

Аталған «қайшылықтар» жойылды. Жаңа тәсілдеме қабылданды, ол ұсақ және шағын шаруашылықтарды қамтуды 2 есеге ұлғайтады.

Екінші кезең шеңберінде субсидиядан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қамти отырып, қолжетімді және қайтарымды кредит беруге ауысу мәселесі пысықталып жатыр.

Жалпы Карталарды іске асыру агроөнеркәсіптік кешенді жаңа сапалы деңгейге көтеруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі азық-түлік нарығы тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.

— Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты басқа да бағдарламалар барын білеміз. Мысалы, «Береке», «Сыбаға», «Агробизнес-2020»… Бұлардың мақсаттары қандай? Және оларды жүзеге асыру барысы қалай болып жатыр? 

— «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (әрі қарай – Корпорация) бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді.

Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіріп, соның тікелей жетекшілік етуімен Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан 13 филиал мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстарды атқарып отыр.

Бүгінгі таңда Корпорация кредиттік 7 бағдарламаны жүзеге асыруда. Олардың барлығы агроөнеркәсіптік кешен (әрі қарай – АӨК) субъектілерінің түгелдей дерлік сұраныстарына сай келіп, ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын  қамтамасыз етуде.

«Кең дала» бағдарламасы.

Ауылдық жерлердегі басты аграрлық жұмыстарда шаруаларды қолжетімді несиелермен қамтамасыз ету үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала» бағдарламасын ұсынады. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасының мақсаты – айналым қаражатын қаржыландыру арқылы, соның ішінде көктемгі егіс және жинау жұмыстарын өткізу үшін АӨК субъектілерін қолдау. Қарыз сомасы – 1 000 000 теңгеден басталады. Қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2%-ға дейін (СЖТМ – жылдық 2% бастап), соңғы қарыз алушылар үшін жылдық 6%-ға дейін (СЖТМ – жылдық 6% бастап) болады. Ал кредиттеу мерзімі – тиісті қаржыландыру жылының 1 желтоқсанына дейін. Айта кету керек, мұндай тиімді шарттар Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылса ғана болады.

Ал егер несиелендіру сырттан тартылған қаражат есебінен жүргізілетін болса, ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 14% (СЖТМ – жылдық 14% бастап), кредиттеу мерзімі – қаржыландыру жылынан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін болады.

Отандық аграрийлерді қолдау мақсатында жыл басында республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінді. Бағдарлама операторы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 3 миллион гектар егістік алқапты құрайтын 1811 шаруаның өтініші қанағаттандырды. Бүгінгі таңда бағдарламаға бөлінген 60 миллиард теңге толықтай игерілді.

«Агротехника» бағдарламасы.

2017 жылдан бастап Корпорация ауыл шаруашылығы техникасы/жабдықтарын сатып алу үшін «Агротехника» бағдарламасы бойынша кредиттік қаржыны ұсына бастады. Жаңа өнім кредиттік серіктестіктер (әрі қарай – КС) мен лизинг компанияларын (әрі қарай – ЛК) қорландыруға бағытталған. Яғни бұл қаржы ұйымдары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыратын болады.

Соңғы қарыз алушылар үшін жылдық мөлшерлеме 15 пайыздан аспайтын болады (СЖТМ – жылдық 15 % бастап). Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 12 айға дейін. Қазірдің өзінде бұл бағдарламамен кредиттік серіктестіктер арқылы 16,7 миллион теңгенің несиесі берілді.

Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қордың есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жаңа аспалы немесе тіркемелі топырақ өңдейтін, азық дайындайтын техникаға, ауыл шаруашылық дақылдарын құрғату мен қазып алу жабдықтарына, мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтарына ие бола алады. Соңғы қарыз алушылар үшін жылдық мөлшерлеме өте төмен: 5,5 пайыздан аспайды (СЖТМ – жылдық 5,5 % бастап). Несие мерзімі 5 жылдан артық емес.  

Бұдан өзге Ұлттық қордың есебінен ауыл шаруашылығы жабдықтарын немесе техникаларын құрастыру жобалары да қаржыландырылады. Бұл инвестициялық бағыт ауыл шаруашылығы жабдықтарын немесе техникаларын құрастыру бойынша өндірісті жаңадан құру немесе қолданыстағы өндірісті жаңғырту, кеңейтуді көздейді. Кредиттеу мерзімі 12 жыл, пайыздық мөлшерлеме 5,5 пайыздан аспайды (СЖТМ – жылдық 5,5 % бастап).  

«Агроэкспорт» бағдарламасы.

Отандық ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерін қолдау, сондай-ақ өнім экспорты мен өндірісін арттыруды көздеп «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бірқатар қазақстандық банктермен бірлесіп, экспортқа бағдарланған өндірісті жеңілдікпен несиелендіретін «Агроэкспорт» атты жаңа бағдарлама әзірлеп шықты.

Бағдарлама мақсаты – экспортқа бағдарланған компаниялардың негізгі құралдарды сатып алуы, соның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, айналым қаражатын толтыру мен жаңғырту үшін экспортқа бағдарланған компанияларды, екінші деңгейлі банктерді (әрі қарай – ЕДБ) кредиттеу.

Қарыз сомасы – 50 000 000 теңгеден бастап, Корпорация меншікті капиталының 25% дейін құрауы мүмкін. Несие мерзімі – 10 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8% бастап  (СЖТМ – жылдық 8% бастап) 11,28%-ға дейін (СЖТМ – жылдық 11,28% бастап).

Осы уақытқа дейін бағдарлама 22 жобаны қаржыландырып үлгерді. Оның бесеуі – жалпы аумағы 19 мың гектарды құрайтын жылыжай кешені, тағы бесеуі – 52 мың гектар көлемді алып жатқан жеміс-көкөніс сақтау қоймалары. Оған қоса жоба аясында 3,5 мың бас малдың 3 бордақылау алаңы мен 14 мың гектар жерге егілген 3 қарқынды бау пайдалануға берілді. 

«Іскер» бағдарламасы.

Бұл бағдарлама халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруды көздейді. Корпорация алдымен кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарын (әрі қарай – МҚҰ) арзан ақшамен қорландырады. Кейіннен бұл қаржы институттары соңғы қарыз алушыларды, яғни шаруаларды қаржыландырады. КС пен МҚҰ үшін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2% аспайды (СЖТМ – жылдық 2% бастап). Ал олар өз кезегінде соңғы қарыз алушылар үшін 6% аспайтын несие ұсынады (СЖТМ – жылдық 6% аспайды). Бұған қоса бұл бағдарлама ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдері бойынша сервистік-дайындау қызметтерін ұйымдастыруға бағытталған ауыл шаруашылығы кооперативтерін және ауылдық жердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті несиелеу мүмкіндіктерін қарастырады.

«Агробизнес» бағдарламасы.

Мал, өсімдік және тағы басқа өнім түрлерін өндіру мен қайта өңдеу, соның ішінде ауылдық жердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес бойынша заңды (соның ішінде КС,МҚҰ, ЕДБ, ЛК) және жеке (шаруа қожалығы (әрі қарай – ШҚ), фермерлік шаруашылық (әрі қарай – ФШ), жеке кәсіпкер (әрі қарай – ЖК)) тұлғаларды несиелендіру мақсатында Корпорация «Агробизнес» бағдарламасын ұсынады.

Қарыз сомасы – 1 000 000 теңгеден басталса, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 16% (СЖТМ – жылдық 16% бастап) болады. Несиелеу мерзімі – 48 айдан бастап 180 айға дейін.

«Агрокоммерция» бағдарламасы.

Бұл бағдарлама да мал, өсімдік және өнімнің өзге түрлерін өндіру мен қайта өңдеу барысында, соның ішінде ауылдық жердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес бойынша айналым қаражатын толтыру үшін заңды (соның ішінде КС,МҚҰ, ЕДБ) және жеке (ШҚ, ФШ, ЖК) тұлғаларды қаржыландыруды көздейді. Кез-келген адам қарыз сомасы – 1 000 000 теңгеден басталатын немесе Корпорация меншікті капиталының 25% дейінгі қаржыны ала алады. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 19% (СЖТМ – жылдық 19% бастап) болса, кредиттеу мерзімі – 48 айға дейін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қордан қарызға алынған қаражат есебінен инвестициялық бағыттарды кредиттеу бағдарламасы.

Осы бағдарламаға өтініш бергендер – негізгі құралдарды сатып алу, соның ішінде объектілерді жаңғырту, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, қайта құру, айналым қаражатын толтыру бойынша инвестициялық бағыттағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктеріне ие бола алады. Қарыз сомасы – 50 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5,5% (СЖТМ – жылдық 5,5% бастап) болса, несие мерзімі – 144 айға дейін.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ пайыздық мөлшерлемелерді оңтайландыру, қажетті құжаттар мен кепілзатқа қойылатын талаптарды азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Шаруаларға барынша қолайлы болатын кредиттік бағдарламалар жасалып, бизнес-үдерістер жеңілдетіліп, қаржыландырудың жаңа бағыттары жасалуда. 

— Осындай қыруар шаралардың арқасы болса керек, қазір ауыл шаруашылығында алға жылжу бар. Өнім көбейіп жатыр. Бірақ соны жинау, тиісті жерге жеткізіп, өңдеу жағынан үнемі түйткіл туындайтыны жасырын емес. Бұл тұрғыда қандай шаралар қарастырылған?

— Республикада жалпы астық сақтау сыйымдылығы 26,7 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 13,7 млн. тонна, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 13,0 млн. тонна. Көрсетілген сақтау қуаттылықтарының көлемі өткен жылдардың қалдықтарын есепке ала отырып жиналған өнімді сақтауға жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар