Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Руслан Өтепбай Құндыздың туған күніне тәтті апарып, апалы-сіңлілерге гүл шоқтарын табыс етті.
«Ардақты ағайын, барлық қазақ елінің атынан Құндызды туған күнімен құттықтап қайттым. Апалы-сіңлінің жағдайлары жақсы. Шаштары өсіп кетіпті, енді қайтадан сәндеу үшін салонға апарамыз. Қос қыз сіздерге де сәлем жолдауда», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары да ақ тілегін жаудырып, құттықтады. «Туған күн құтты болсын, осы екі қыз сыртқа шыға ма, әлде үйде қамауда отыра ма», «қыздар әдемі болып кеткен», «осы қыздар қайда екен деп ойлап жүргем, көріп бір қуанып қалдым», «сұлу ханшайым болыпты», «Руслан, өте керемет жансың», «қыздар әп-әдемі болып қалыпты», «екеуі мәз, қандай керемет» деп жазды олар.