"Шашынан сүйреді": атыраулық балабақша тәрбиешісінің әрекеті елді шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шашынан сүйреді": атыраулық балабақша тәрбиешісінің әрекеті елді шошытты

"Шашынан сүйреді": атыраулық балабақша тәрбиешісінің әрекеті елді шошытты

Атырауда балабақша тәрбиешісіне қатысты тағы да шу шықты. Әлеуметтік желіде тараған видеода кішкентай қыз баланың шашынан сүйрегені анық көрінген видео елді алаңдатқан еді. Осыған орай балабақша тәрбиешісіне қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлады Paryz.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

  • 7 Сәуiр 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Көпті алаңдатқан оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы "Балдырған" балабақшасында болған. Тәрбиешіден күдіктенген ата-ана бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды сұраған. Жасы небары 21 жастағы тәрбиешінің балабақшаға орналасқанына бір жылдан асыпты.

"Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секунтын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз", — деді Атырау облысы Жылыой аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлжансара Таңатарова.

Сондай-ақ тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы белгілі болды.


"Әлеуметтік желідегі тараған бейнежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 140 бабы, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", — деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлзира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар