Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қызы мен күйеу баласын құттықтап, тілегін арнады.
”Қос қарғам махаббаттарың баянды болсын. Жаратқан Алла бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болуды нәсіп етсін. Осы күнге жетуді аналарың қалай армандады, Құдайға шүкір, сабақты ине сәтімен деген. Алла балапандарымды тіл көзден, кесірлі жандардан, кесапатынан сақтай гөр. Назарыммен қосып сендер де қашан да менің дұғамдасыңдар. Мың да бір тәубә Алла беріп жатқан нығметтеріңе. Құтты болсын боталарым. Шашыңның бұйрасынан айналайын, ақ Сәкенім. Сен де менің баламсың. Қызымның арқа сүйер азаматысың. Қош келдің, балам”, — деп жазды Жанар Айжанова.
Айта кету керек, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың блогер, мобилограф Қыран Талапбекпен некесі сәтсіз болған еді. Олардың Назар есімді ортақ ұлдары бар. Айжұлдыз Адайбекованың екінші күйеуі Сәкен Кагаров та блогер, саяхатшы.
Әншінің оқырмандары жас жұбайларға бақыт тілеуде.
”Бақыттары баянды болсын”, “Құтты болсын, аналық тілегіңіз қабыл болсын”, “Өте жарасымды жұп екен”, “Әр адам бақытты болуға лайықты, қызыңыз бақытты болсын”, “Қайырлы неке болсын”, — деп жазды олар.