Шавкат Рахмонов сарбаздармен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шавкат Рахмонов сарбаздармен кездесті

Шавкат Рахмонов сарбаздармен кездесті

UFC ұйымында өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов еліміздегі әскери бөлім сарбаздарымен кездесті. 

  • 10 Қаңтар 2024
  • 22
Фото - Caravan.kz

Жекпе-жек шебері бұл туралы өзінің Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform -ға сілтеме жасап. 

«Қазақтың сарбаздарымен кездестік! Көптеген сұрақтарға жауап бердік, толықтай қазақ жері қауіпсіздікте екеніне көз жеткізіп қайттық», — деп жазып, әскерилермен түскен суретін әлеуметтік парақшасына жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылғы желтоқсан айында америкалық Стивен Томпсонмен өткізіп, қарсыласын екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Осы жеңісінен кейін қазақстандық файтер UFC-дің жартылай орта салмақ санатындағы рейтингісінде үшінші орынға көтерілді. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера