Сонымен қатар қазақстандық қолөнершілерден «Шебер» бесінші республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылданатындығы хабарланды. Іріктеу кезеңіне қатысуға өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады.
Іс-шара барысында «Шебер» төртінші республикалық байқауының жеңімпаздары өздерінің Бүкіләлемдік қолөнершілер кеңесінің Бас ассамблеясына, «Кайвалам» қолөнершілер саммитіне және Үндістанда өткен «Тірі аңыздар» халықаралық көрмесіне жасаған таныстыру сапарларының нәтижелерімен бөлісті. «Шебер-2012» байқауында «Инновация» аталымы бойынша жеңімпаз атанған Мәлік Мұқановтың айтуынша, Бас ассамблеяға қатысқан қазақстандық қолданбалы өнер шеберлері үздік туындыларын бүтін әлемге таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлованың айтуынша, бұл шара қазақстандық қолөнершілер бұйымдарының ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мақсатында 2006 жылы дайындалған «Қазақстандағы қолөнерді дамыту және халықтың көркемөнер кәсібін жаңғырту» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады.
«Қолөнерді жаңғырту бағдарламасы «Шеврон» компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламаларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол жан-жақты және қолөнершілердің экономикалық және бизнес-білім алуын, олардың қоғамдық жұмысқа қатысуын біріктіреді, жоғары эстетикалық жоспарлама қояды және халықтың қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлерін сақтауға көмектеседі. Осылардың барлығын біз дарындарға салынған салым және біздің қоғамның әлеуетін барынша толыққанды жүзеге асыруға берілген мүмкіндік деп атаймыз», — дейді «Шеврон» компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Еркін Зекібаев.