Шекара арқылы есірткі өткізбек болған контрабандашыға 64 мың теңге айыппұл салынды
Павлодар облысының Железин аудандық сотында екі азаматты есірткі контрабандасы үшін айыптау бойынша қылмыстық істер қаралды, |
деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы тексеру кезінде «КамАЗ» көлігінің ішінен темекі қорапшасынан өсімдіктен жасалған заты бар орама табылды.
Сотталушы сот отырысында өз кінәсін толық мойындап, сұр-жасыл түсті зат салынған ораманы автобус аялдамасының қасында тапқанын айтты. Оның бір бөлігін шегіп, қалғанын темекі қорапшасына салып алған. Сот оны сынақ мерзімімен шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
РФ тұрғыны болып табылатын екінші контрабандашыдан осындай зат кеудешесінің қалтасынан табылды.
Сот отырысында ресейлік азамат өз кінәсін толық мойындады. Оған мемлекет пайдасына 64,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін