«Шекара қызметінің әскери кеңесі өтті. (…) Шекара қызметінің басшылығы мен «Оңтүстік» аймақтық басқарма басшылығы әскери кеңестік шешімін жеткізу үшін Шымкентке оралған», -деп ҰҚК Шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байлаыс бөлімінің басшысы Нұрлан Сағымбаев «Жетінші арнамен» болған сұхбатында мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, ҚР ҰҚК шекара қызметінің Ан-72 ұшағы кеше сағат 18:55-те Шымкентке жақындаған кезде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесі және 20 әскери қызметші, оның ішінде ҰҚК шекара қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы Түрғанбек Стамбеков болған.