Шекара қызметінің басшылық құрамы жаппай аттестаттаудан өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекара қызметінің басшылық құрамы жаппай аттестаттаудан өтеді

Шекара қызметінің басшылық құрамы жаппай аттестаттаудан өтеді

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары

  • 21 Қараша 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжаттың мақсаты заңнамалық актілердің нормаларын Мәжіліс мақұлдаған «Мемлектетік шекара туралы» заң жобасына сәйкес келтіру болып табылады. Бұдан бөлек, заң жобасының мақсаты құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою болып табылады. Құжат Елбасының жүктеген тапсырмаларын орындау шараларын да қарастырады. «Бұл ретте құқық қорғау органдарына қатысты өткізіліп жатқан аттестация секілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылық құрамын жаппай аттестаттаудан өткізу қарастырылады. Бұл ретте ҰҚК аумақтық орган басшыларының өкілдері комиссия құрамына енеді. Сонымен қатар, еліміздің шет елдердегі мекемелерін күзету бойынша функцияларын «Сырбар» сыртқы барлау қызметінен Шекара қызметіне беру шаралары да көзделеді», — деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков.

Оның айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес, аттастаттау келер жылдың қаңтар айынан басталады. «Бұндай кадрлық жұмыс нәтижесінде біз атқаратын қызметке нағыз лайықты азаматтарды іріктеп алатын боламыз», — дейді ҰҚК өкілі.

Соңғы жаңалықтар