Жарияланды: 390

Шекара қызметінің басшылық құрамы жаппай аттестаттаудан өтеді

Шекара қызметінің басшылық құрамы жаппай аттестаттаудан өтеді

Бүгін ҚР Парламент Cенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда мақұлдап,

құжатты қабылдады. Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Құжаттың мақсаты заңнамалық актілердің нормаларын Мәжіліс мақұлдаған «Мемлекеттік шекара туралы» заң жобасына сәйкес келтіру болып табылады. Бұдан бөлек, заң жобасының мақсаты құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою болып табылады. Құжат Елбасының жүктеген тапсырмаларын орындау шараларын да қарастырады. «Бұл ретте құқық қорғау органдарына қатысты өткізіліп жатқан аттестация секілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылық құрамын жаппай аттестаттаудан өткізу қарастырылады. Бұл ретте ҰҚК аумақтық орган басшыларының өкілдері комиссия құрамына енеді. Сонымен қатар, еліміздің шет елдердегі мекемелерін күзету бойынша функцияларын «Сырбар» сыртқы барлау қызметінен Шекара қызметіне беру шаралары да көзделеді», - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков. «Заңда шекара қызметінде әскери борышын өтеуге шақырылатын азаматтарды іріктеуді тиімді ұйымдастыру мақсатында әскерге шақыру комиссиясының құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары басшыларының өкілдерін кіргізу қарастырылады», - деді сенатор Мұхтар Алтынбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін